Сан есімнің семантика-морфологиялық классификациясы

  1. Көптеген түркі тілдерінің грамматикаларында семантика-морфологиялық принциптеріне қарай сан есімдерді түрліше бөледі. Қазақ, карақалпақ, ұйғыр тілдерінде сан есімдер алты, өзбек тілінде жеті, түрікмен тілінде екі түрге бөлінеді. Сол сияқты га-гауз тілінде — 3, қарайым тілінде — 4, татар тілінде — 5 т. б. тілдерді келтіруге болады. Сан есімдердің есептік сан мен ретгік сан түрлері барлық түркі тілдерінде мағынасы мен атқаратын қызметі және жасалу тәсілдері бойынша бірдей. Ал басқа түрлері бірінде аталса да, екіншісінде аталмайды, оның үстіне жасалу тәсілдері де біраз өзгеріске ұшырағандығы сезіледі.

Өзбек тілінде көп қолданылатын дона сандар, есептік сандарға — та аффиксі қосылу арқылы жасалады: бирта > битта китоб, иккита дафтар, бешта бола, унта уқувчи. Мен бу кунгача икки хотин уртасида туриб, жанжалга туйғунимча йуқ, аммо хотинни учта қилишга хам уйим йуқ эмас! (А. Қодирий.)

Бұл аффикс салыстырылған басқа тілдерде қолданылмайды. Бұл сияқты өзгерістерді сан есімнің семантика-морфологиялық түрлерін өткенде жақсы байқауға болады.

Есептік сан есімдер

Есептік сан есімдер қарақалпақ тілінде санақ сан, қырғыз тілінде — есептік сан атоочтар, өзбек тіліңде саноқ сон, ұйғыр тілінде санақ сан, түрікмен тілінде мухдар санлар деп аталады.

Сан есімдердің қай түрі болса да, осы есептік сандардан жасалады. Сондықтан есептік сандар сан есімдердің барлығының ұйтқысы, негізі болып есептеледі. Салыстырылып зерттеген тілдердің барлығында да есептік сан есімдер заттың немесе заттық ұғымды білдіретін сөздердің санын, мөлшерін көрсетеді. Кейбір фонетикалық өзгерістерді есепке алмасақ, бұл тілдердің барлығында да есептік сандардың мағынасы, атқаратын қызметі бір-біріне ұқсас.

Бұл тілдерде есептік сандар бірлік сандар, ондық сандар, жүздік сандар, мыңдық сандар қүрамы жағынан дара сан және күрделі сан болып екіге бөлінеді. Мысалдар: Сиқымбай жеріне келгеннен бергі бес жыл Елібай өмірін орасан өзгертті… Оның өсиеті бойынша ғайыптан бір күрең ат тағы келді. Күрең бір сауулы сиыр, екі торпаққа айырбасталган. (Ғ. Мұстафин.) — Қаз. Сайда ун турт сахифадан иборат қулезма нутқини қуриб, ичида хуп кулди. (А. Қаздор.) — Өзб. Ол еди сағат йигирми бир минутда икинжи угражак командалар хатара дүзүлдилер. («Түркмен дили».) — Түрікм.

Бүл мысалдардағы бес (жыл), бір сауулы сиыр, екі (торпак), еди (сағат) — жеті (сағат) сандары дара сандар, ал, ун турт (он төрт), йигирми бир (минут)—жиырма бір (минут) күрделі сандар.

Түркі тілдерде есептік сандар есім сөздердің алдында келіп, ешқандай морфологиялық формасыз-ақ, анықтауыштық қызмет атқарады, анықталушы есім сөздерде өзіне көптік жалғауын қосып алмайды. Өйткені оның көптік мағынасы есептік сан арқылы беріледі (он сағат, бес кітап, алты бала, үш колхоз, төрт мектеп т. б.).

Есептік сандар субстантивтенгенде сөз түрлендіретін, сөз тудыратын қосымшаларды да, көптік, тәуелдік, септік жалғауларын да қосып алады. Мысалдар: Онын алып, тоқсаннан дәме қылып, Бұл жұртты қойған жоқ құдай атып. (Абай.) — Қаз. Мен быйыл бири кем сексенге чыктым. Керимбек кырктарга барып калган ак куба жигит. Тиги кемпир сексендин сегизинде.— Қырғ. Икки жүп тоху билән төрт тал тухум икки йуз тәңге болиду дегәнгә ким ишиниду? Немесе:

Қ а з а қ ш.а Қ ы р ғ ы з ш а
Бес беш
бестің (бірі) бештин
беске (сағат беске) бешке
бесті (бесті үшке бешти
бөлуге болмайды)  
бвсте (менің қызым бесте) бестен (кешкі сағат беште
бештен
бесте)  
беспен (бес пен алты-
ның арасы)  

Есептік сандар есім сөздермен қатар келгенде септік жалғауларын қосып алғанда, тек есім сөздер ғана өзгереді.

ҚазақшаҚырғызша

бес кісібеш киши

бес кісініңбеш кишинин

бес кісігебеш кишиге

бес кісінібеш кишини

бес кісідебеш кишиде

бес кісіденбеш кишиден

бес кісімен

Есептік сандардың тағы бір өзгешелігі, олар басқа сөз таптарынан жасалмайды. Керісінше есептік сандар сан алуан сөз жасауға негіз болғандығы белгілі нәрсе. (Алпысбай, Жетпісбай). Бәшім (Бесім — түрікмен тілінде ең көп қолданылатын ат), Бе-шариқ, Олтариқ (жердің аты) т. б.

Реттік сан есімдер

Реттік сан есімдер карақалпақ тілінде қатарлы санлық, қырғыз тілінде иреттик сан атоочтар, өзбек тілінде тартиб сонлар, үйғыр тілінде дәрижә сан, түрікмен тілінде тертип санлары деп аталады.

Түркі тілдерде зат немесе заттық ұғымның сандық ретін білдіру үшін -ыншы, -інші аффикстерін қазақ тілінде, -ыншы, -ин-ши — қарақалпақ тілінде, -ынчы, -инчи — қырғыз тілінде, -инчи, -нчи өзбек, ұйғыр тілдерінде, ынжы, -инжи, -унжы, -үнжи, -нжы, -нжи түрікмен тілдерінде қолданылады.

Мысалдар: Отыз үшінші жылдың аяғында Бейімбет екеуіміз Казиздаттан бірге босандық. (Ғ. Мүсірепов.) — Қаз.

Жолдош Саадат экинчи сентябрьде Айна аттуу кызды аялдыкка алат. (Т.Сыдыкбеков.)—Қырғ.

Биринчи мажлисимиз бундан бир ой чамаси бурун Зиё ака деганнинг уйида булган эди. (А. Кодырий.) — Өзб.

Мән бәшинжи класда окаярын. Мениң какам алтынжы бри-гадада ишлейәр.— Түрікм.

Мысалдарда көрініп тұрғандай-ақ реттік сан есімдер сөйлемде анықтауыштық қызмет атқарады. Бұл реттік сандардың негізгі табиғатына өте үйлесімді.

Реттік сан есімдер дара және күрделі болып келе береді. Күрделі сан есімдердің ең соңғысына реттік санның аффиксі қосылады. Мысалы: У икки юз олтмиш бешинчи хонада туради.— Өзб. Эмгекчилердин талабын канааттандырыш үчүн бир миң тоғуз жүз отуз алтынчы жылы Кырғызстандын мамлекеттик Токтогул атындагы филармониясы түзүлгөн. Қырғ.

Реттік сан есімдер субстантивтенгенде көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғауларын қосып алады. Мысалдар: Бір оқу мазмұны бітквн соң, екіншісіне көшу қолайлы. (С. Мұқанов.) — Қаз.

Гайитниң төрт оғли бар еди. Төртинчиси Мөшу Исрайил, у бийил әскәргә бариду. («Уйгур тили».)\

Реттік сан есімдер қосымшаларды қосып алып, көптеген жаңа сөздерге негіз болғандығы сезіледі. Лачын гечен йыл республикан ярышда биринжилик газаныпды. (Б. Көрбабаев.) — Түрікм.

Көптеген көне түркі жазуларда, ескі әдеби мұралардың қай-қайсысында болса да реттік сандар ұшырайды. Демек, түркі тілдерінде реттік сандар өте ерте уақыттардан келе жатқан сан есімнің бір түрі. Ол барлық салыстырылған түркі тілдерінде өзінің ұқсастығын сақтаған.