Салыстырмалы морфология

  1. Сөз таптарының лексика-грамматикалық жасалу жолдарын салыстырып қарасақ,көптеген ұқсастықпен қатар кейбір айырмашылықтар да кездеседі. Сонын бірі осы таптарын бөлу мәселесі. Қазақ, түркімен тілдерінде –9, қарақалпақ тілінде –10,қырғыз тілінде –11,ұйғыр тілінде –12, ал басқа түркі тілдерінде бұлардан аз да, көп те болып кездеседі.

Көпшілік түркі тілдерінде барлық сөз таптарының негізіне сөздердің семантикалық және морфологиялық белгілерін алады. Қазақ тілінде сөз таптары атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағайлар болып бөлінеді. Сөз таптарының ішінде ең көпшілігі де, негізгісі де атаушы сөздер болып есептеледі. Өйткені тіліміздің бүкіл сөз байлығының барлық шұрайлы да негізі де осы атаушы сөздер. Қазақ тілінде атаушы сөздер есімдер және етістіктер болып екі салаға бөлінеді. Бұл жөнінде А. Ысқақов былай дейді. Бірақ есімдер де іштей түп түгел бірдей емес. Мысалы зат есім, сын есім, сан есім ,есімдер де ішінара ұқсас бір-біріне тете болса, үстеу сөздер мен еліктеу сөздер ішінара бір-біріне жақын. Осыған орай шартты түрде есімдердің алғашқы тобын атаушы есімдер ,соңғы тобын үстеуші есім деген екі салаға жіктеуге болатын сияқты. Ал етістіктер өз алдына бір топ.

Көмекші сөздер жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер болып үш топқа бөлінеді. Одағай сөздер адамның әр алуан көңіл күйі мен ішкі сезімін білдіретін сөздер болып өз алдана жеке қаралады.

Қазақ тілінде сөз таптары 9 түрлі. Қырғыз тілінде сөз таптары лексикалық және грамматикалық белгілеріне қарап, үлкен екі топқа бөлінеді. Мағына беруші сөздер, көмекші (кызматчы сөздер.

Мағына Беруші сөздер заттарды заттардың сын- сипатын, қимыл -әрекетін және басқа жақтарын білдірумен қатар сөйлем мүшесін қызметін атқарады деп көрсетеді.

Көмекші сөздер лексикалық мағынаға ие болмайды сөйлемде мүшелік қызмет атқармайды,тек негізгі сөздердің арасындағы байланысты білдіру үшін қызмет атқарады.