Дауыссыз дыбыстар жүйесі

  1. Қазіргі түркі тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың құрамында өзгешеліктен гөрі ұқсастықтар көбірек сақталған. Бұл жағдай қазіргі тілдерді Орхон- енесей ескерткіштерінің дауыссыз дыбыстар құрамымен салыстырғанда анық байқалады. Орхон- енесей ескерткіштер тіліндегі дауыссыз дыбыстар: б,г,д,з,й,к,л,н,ң,п,р,с,т,ч,ш,; ал в,х,ф,һ,ж,(дж),ц дауыссыздары кездеспейді, г,д,р,л,п дауыссыздары сөздін басында қолданылмайды., сөздін аяғында барлық дауыссыздар келе береді. Дауыссыз дыбыстар салыстырылып зерттелгенде, бір жағынан қазіргі тілдерге, екінші жағынан, көне түркі тілдеріне назар аударылады, сонда ғана дауыссыз дыбыстардың ұқсастығы мен өзгешелігі, олардың заңдылығы байқалады. Бұны Орта Азия мен Қазақстан тілдерінің дауыссыз дыбыстарын бір- бірімен салыстырғанда көреміз:

Қазақ тілінде: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,у,ш,һ,ф,х,ц,ч.

Қарақалпақ тілінде: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,у,ф,х,ц,ч,ш,щ.

Қырғыз тілінде: б,в,г,д,ж,з,й,к,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ.

Түркімен тілінде:(ғ,қ,һ- жоқ)

Демек, дауыссыз дыбыстар қазақ тілінде- 26,қарақалпақ тілінде –26,қырғыз тілінде-22, өзбек тілінде-23, ұйғыр тілінде- 24, түркімен тілінде- 22 әріппен беріледі. Бұл қазіргі әдеби тілдерде қолданылып жүрген дауыссыз әріптер қай тілдің болсада өзіне тән өзгешелігімен қатар жалпы түркілік тектестігін сақтағандығы байқалады.

  1. Салыстырылған тілдерде дауыссыз дыбыстардың қолданылуында біршама өзгерістер сезіледі. Оғуз тілдерінде сөздің басында д,г,ғ, дыдыстары басым қолданылса, қыпышақ тілінде олай емес: ғызық-қызық, гөр(көр), гөк(көк).

Қазақ, қарақалпақ тілдерінде сөз басында ж қолданылса, басқа тілдерде й қолданылады. Қазақ, өзбек тілдерін салыстырсақ: жігіт- йигит, жолдас- йулдаш. Сондай- ақ с мен ш дауыссыз дыбыстары да осындай: іс- шй, жас- еш, сондай- шундай,. Қазақ тілін қырғыз тілімен салыстырсақ: с дыбысы орнына ш , ал ш дыбысы орнына ч дыбысының қолданылғанын көреміз.Есік- эшик, тас- таш, шебер- чебер, шаң- чаң, шөп- чөп, қаш – қач, т.б.