Орта Азия түркі тілдерін салыстыра зерттеудің кейбір мәселелері

. Қазақстан мен Орта Азия халықтары ежелден бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болған. Ол үшін толық мүмкіншіліктерді табиғаттың өзі де жасаған сияқты. Бұлардың территориясы бір-бірімен іргелес, экономикалық байланысы ұштасып, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігі, дәстүрлері көбінше ортақ болып келеді. Оның үстіне бұл халықтар генетикалық жақтан бір-бірімен жақын, түркі тілдерінде сөйлейді..

Қазіргі совет дәуірінде бұл халықтардың бір-бірімен экономикалық және мәдениет саласындағы байланыстары одан әрі күшейе түсті. Совет дәуірінің бірінші күндерінен бастап-ақ Орта Азия халықтарының тілін, тарихын, әдебиетін зерттеуге аса зор көңіл бөлінді. Осының нәтижесінде Ташкентте Орта Азиялық университет, Орта Азиялық көптеген экономикалық және мәдениет ошақтары қүрылды. Бұлар Орта Азия мен Қазақстан халықтарының алғашқы тәрбиелік мектебі болды. Әдебиет пен тіл саласында да бірсыпыра игілікті қадамдар жасалды. Орта Азия мен Қазақстан халықтары тілі мәселесіне кірісуді алфавит пен орфографиядан, мектептерге оқу құралдарын жасаудан бастап, ғылми негізде ана тілінің фонетикасын, лексикасын, грамматикасын, тілінің тарихы мен диалектологиясын т. б. мәселелерін зерттеу дәрежесіне жетті. Бұған тек қана бір қазақ тілін мысал етіп көрсетудің өзі де жеткілікті.

Бұл уақыт ішінде түркі тілдерін зерттеу, үлттық республикалардан тіл мамандарын даярлау мәселесінде Москва, Ленинград тағы басқа республикалардағы орыс тюркологтары өте көп еңбек сіңірді. Осылардың қатарында С. Е. Маловты, Н. К. Дмит-риевті, Н. А. Баскаковты, Э. В. Севортянды, А. Н. Кононовты, А. К. Боровковты, К. К. Юдахинді, И. А. Батмановты, Е. Д. Поливановты, В. М. Насиловты, А. П. Поцелуевскийді құрметпен атаймыз.

  1. Орта Азия мен Қазақстан халықтары түркі тілдерінің тарихы мен диалектологиясын зерттеу мәселесіне де аса көп көңіл бөлінді. Өзбекстанда XI ғасырдың атақты ғалымы Махмуд Қашқаридың «Девону луғотит турк» атты еңбегінің үш томы өзбек тіліне аударылып (I том, Т., 1960, II том, Т., 1961, III том, Т., 1963), ал 1967 жылы осы лұғаттың индексі «Девону луғотит турк» басылып шықты. С. М. Муталлибовтың «Морфология ва лексика тарихидан қисқача очерк» (Т., 1959), А. М. Шербактың «Грамматика староузбекского языка». (М.—Л., 1962), Э. И. Фазыловтың «Староузбекский язык хорезмийские памятники XIV века (Т., 1967) деген еңбектері баспадан шықты.

Қазақ тілінің тарихына байланысты С. А. Аманжоловтың «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» (ч. I, А., 1959), Т. Р. Қордабаевтың «Тарихи синтаксис мәселелері» (А., 1964), Ғ. Мұсабаевтың «Қазақ тілінің лексикасы» (докт. дисс, А., 1960), Ж. Досқараевтың «Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері» (лексика, II бөлШ, А., 1955) сияқты жеке монографиялық еңбектерімен қатар басқа да көптеген кұнды мақалаларды кездестіруге болады.

Қысқасы, түркі тілінің кайсысында сөйлейтін халықтар болса да, өз ана тілін тек қана қазіргі тұрғыдан зерттеп коймай, оның өткендегі тарихына да көңіл бөледі. Осы жағдайда барлық түркі халықтары өздеріне ортақ болған, V—XV ғасырға дейін тастарда, қағаздарда жазылып сақталған ескерткіштерге назар аударады. Бұл —рун, ұйғыр, араб әріптерімен жазылған, қазір латын, орыс графикасының транскрипциясымен берілген ескерткіштер. Осы жазба көне ескерткіштерді үйрену, оның тілдік өзгешелігін зерттеу арқылы әрбір тілдің қазіргі жағдайымен салыстырғанда, оның фонетикасында, сөз құрамында, грамматикасында байқалатын езгерістердің заңдылығын анықтауға болады.

С. Е. Малов былай дейді: «Но все зти памятники или языкй всех этих памятников служат общим фоном, общей исторйческой конвой для древней истории большинства тюркских языков, осо-бенно для истории так называемңх младописьменных языков, которых у нас почти большинство и часть которых недавно еіце была вовсе бесписьменной».

Осындай тарихи-салыстырып зерттеудің нәтижесінде, басқа да түркі тілдері сияқты Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тілдері де жалпы түркі тектес қасиетін — сөздік кұрамын, грамматикалық құрылысын — сақтап қалғандығы көрініп түрады.

  1. Қазіргі түркі тілдерін синхрондық планда салыстырып зерттеудегі негізгі мәселенің бірі Қазақстан мен Орта Азия халықтары тілдерінің бір-біріне тигізген әсерлері. Бүл — тілдегі өте заңды мәселе, өйткені бұл халықтар бір-бірімен көршілес өмір сүріп, экономика, мәдениет саласында байланыс жасап кана қоймай, әрбір республиканың ішінде бірнеше тілде сөйлейтін түркі тілдес халықтар өмір сүреді. Олар бір-бірімен өз ана тілінде немесе сол республиканың ұлттық тілінде сөйлёу арқылы қарым-қатынас жасайды. Осы жағдай тілдердің бір-біріне әсерін тигізуіне алып келеді. Бұған мысал етіп Өзбекстанда тұратын қазақтардың, карақалпақтардың, түрікмендердің, үйғырлардың, керісінше, Қазақстанда түратын өзбектердің, үйғырлардың, қырғыздардың тілінен байқауға болады. Бұл мәселе біраз лингвистердің зерттеу объектісі болып келеді.