Сөзжасам және грамматика

  1. Бірақ бұл сөздер өз ара байланыспай, бір-бірімен тіркеспей, осы қалпында жеке дара тұрғанда, ойды білдіруге қабілетсіз. Бұл сөздер бір-бірімен тіркесіп, “ Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін келтіреді” (мақал) деген түрде айтылса, онда сөздердің бір-бірімен тіркесіп, өз ара байланыста айтылуынан жасалған бұл сөйлемдегі ой бірден түсінікті болады.

Демек, тілдің қатынас құралы ретінде қызмет атқаруы үшін, оның лексикасындағы алуан түрлі сөздердің бір-бірімен тіркесіп, өз ара белгілі бір қарым-қатынаста, байланыста қолданылуы және олардың тіркесуінен сөйлемдердің құралуы шарт. Сөйлемдер, әдетте, сөздердің түрленіп, тіркесуінен жасалады. Ал сөздердің түрленуі, өзгеруі, түрлі тәсілдер арқылы сөйлемде тіркесуі тілдің грамматикасы арқылы іске асады. Грамматика тілдегі сөздердің түрлену, өзгеру ережелері мен сөздерден сөйлемдердің құралу ержелерін белгілейді.

Грамматиканың табиғатын жете түсіну үшін, ең алдымен грамматикалық абстракция туралы мәселе мен грамматиканың арқасында ойдың ойдың материалдық –тілдік қабыққа енуі туралы мәселені біліп алуы қажет. Лексикалық абстракция барда, грамматикалық абстракция бар. Тілдегі әрбір сөз бір тектес заттардың жиынтық тобымен ұштасады, оның әрқашан жалпылама мәні болады. Мысалы, “жорлдың” тасты жол, асфальтты жол, ұзақ жол, қысқа жол, кең жол, тар жол болуы мүмкін, бірақ бұған қарамастан, жол деген сөз бәрінне бірдей атау ретінде қолданылады. Сондай-ақ, кітап деген сөз жалпы кітап ретінде қолданылады. Сөздің жалпылаушы қасиеті бола тұрғанмен, ол әр уақытта нақтылықпен байланыста болады. Осы нақтылық сөздің лексикалық мағынасын, оның даралығын айқындап белгілейді. Леексикалық тұрғыдан тау, көл, жол, қол, бел деген сөздер әр басқа мағынасы бар әр түрлі сөздер болып саналады. Грамматикалық тұрғыдан тау, көл, жол, қол, бел деген сөздердің айырмашылығы жоқ, өйткені грамматика үшін ең бастысы: бұлардың бәрі де атау тұлғада, жекше түрдегі зат есімдер. Бұл сөздердің лексикалық мағыналарының бір-бірінен айырмашылығы грамматика үшін басты нәрсе емес, нақтылығы жоқ сөздерді, жалпы сөз атаулыны есчкереді. Бұл сөздер септелгенде, оларға әр септікте әр түрлі жалғаулар (-дың, -дің, -ға, -ге, -ды, -ді, -дан, -ден, -мен) жалғанады. Бұл жалғаулардың алдында тау, көл, ауыл, қала, жол, қол, бел және т.б. осылар тәріздес сөздердің қайсысы тұрмасын, оның грамматика үшін мәні жоқ.

  1. Сөйлемдер құру үшін де грамматика сөздердің нақтылы лексикалық мағыналарынан абстракцияланады. Осыдан келіп, белгілі бір сөйлемдегі бір сөзді, сөйлемнің құрылысын бұзбай-ақ, басқа бір сөзбен қалауымызша ауыстыра аламыз. Мысалы, Бізтауға бара жатырмыз деген сөйлемнің құрамындағы тауға деген сөздің орнына, ыңғайына қарай, көлге, ауылға, қалаға деген сөздердің, қайсысын болса да, біреуін қойып айта беруге болады.

Грамматика тілдің грамматикалық құрылысын зерттейді. Грамматикалық құрылыс – белгілі бір тілдегі грамматикалық қатынастардың жүйесі. Грамматика бір-бірімен байланысты екі сала – морфология мен синтаксистен құралады. Морфология – сөздердің морфологиялық құлылымы мен типтері, морфема мен оның түрлері, сөздердің түрленуі, олардың фоормалары және сөздердің лексика-грамматтикалық топтары туралы ілім. Ал синтаксис – сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөздердің сөйлемде тіркесуі туралы ілім.

Грамматика сөздердің өзгеруін, түрленуін, олардың сөйлемде тіркесу формалары мен заңдылықтарын зерттейді. Сөздер бір-бірімен грамматикалық қатынасқа түскенде ғана, олардан сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалады. Грамматикалық қатынастар сөздердің аралығында да, сөйлемдердің аралығында да болады. Осыған орай, грамматика сөздердің аралығындағы, сөз тіркестерінің аралығындағы, сөйлемдердің аралығындағы грамматикалық қатынастарды зертейді. Грамматика үшін тілдік единицалардың арасындағы грамматикалық қатынастар ғана емес, сонымен бірге, тілдік единицалардың ( сөз, сөз тіркесі, сөйлем) құрылымы да маңызды мәселе болып саналады.