Ресми — әскери стиль

Сабақтың мақсаты: Студенттерге ресми – іскери стиль туралы түснік беру.

Стилистиканың негізгі ұғымы “стиль” болса, оның зертейтін ғылымның сласы стилистика болып саналады. “стиль” болса, оны зерттейтін ғылымның саласы стилитика болып саналады. “Стиль” сөзін осы күнге дейін әркім әр түрлі түсінеді. Өйткені “стиль” терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны да сан алуан. Стильді Латын сөзінен қазақшаға аударған да “жазу құралы”, соңғы кезде “жазу мәнері” деп те айтылып жүр. Стиль ерте кезде Греция, Италия сөзге сендіру, нандыру тәсілі, стилистика – риторика (шешендік) өнері болып саналған. Стильдің қазіргі күнде бірнеше түрлері бар.

Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүміс болып саналады. Іс қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Кеңес іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенім хат, қол хат, анықтама, мінездеме, шақыру мәліметі, хабарландыру, хаттама, қатынас қағазы, акт, рапорт, шарт, міндетте, бұйрық, есеп т.б. жатады. Іс – қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе, сол үлгі бойынша жазылады. Мұндай қағаздары жазу онша қиынға соқпайды. Ол алдын ала танысып жаттығу, дағдылану арқылы меңгерілуі. Ресми стильдің көлем, мазмұн және жазылу формасы жағынан іс қағаздарына біраз ерекшелігі бар. Ресми қағаз белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбінесе заң жоғары (устав), үкімет органдарының қаулылары, жоғарғы органдардың жарлығы, халықаралық шарт, келісім, нота, үкімет хабарлары жазылады.

Мұндай мемлекеттік құжаттарда саяси – публицистикалық лексикалық, әкімшілік терминдердің қолданылуы басым келеді. Мысалы, “жоғары сот пленумының шешімін Қазақ ССР Жоғарғы Совет Президиумы да қолдап, 1963 жылдың 29 ноябрінде аталған қылмыстылар үшін жазаның мөлшерін арттыру туралы указ қабылдады. Бұл указ (жарлық) бойынша бұдан былайғы жерде айтылған қылмыстарды жасаған адамдар үш жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыруға жазаланатын болды”, (газеттен). Осы мысалда сөйлем құрылысы жағынан жалпы жазба тіл нормасынан ауытқушылықты байқалмаймыз. Ал лексикалық өзгешелігі бірден көзге түседі. Мұнда заң орындарына тән арнаулы сөздермен сөз тіркестері қолданылған.