Көркем әдебиет стильі

Сабақтың мақсаты: Студенттреге көркем әдебиет стильі туралы түсінік беру.

Қазақ тілі стилистикасы дербес пән ретінде соңғы кездерде атап айтқанда өткен ғасырдың 60 жылдары қолға алына бастады және жоғарғы оқу орындарының филология факультетерінде оқыла бастады. Бұл тұрғыдан лағанда орыс тіл білімінде стилистика мәселесі ерекше –ақ зертеле бастаған. Стильдің мағынасы латын тілінен аударғанда жазу мәнері дегенмағынаны білдіретін ғылыми еңбекерде көрсетіліп келеді. Стильдің жұмсалу қызметіне қолдану түріне қарай біреше салаға бөлінеді. Және олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Көркем әдебиет стильі немесе көркем сөз ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықшаөнер. Тіл көркем шығармада ерекше этикалық қызмет атқарады.

Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды. Бұл тұрғыдан алғанда тілдің қолдану өрісі кең да, шексіз. Адам өз ойын жеткізу үшін ғана сөйлесіп қоймайды, көңіл –күйін, эмоциасын білдіру арқылы басқа адамдардың да сана сезіміне әсерін тигізеді. Ол әсер сөйлеу тілімізде айтуының өз түснігі бойынша өз ойын тілд құралы арқылы жеткізе білуінене болса, көркем шығармалар жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне көзқарасына сол өмір факітісын жинақтап, қорытып, бейнелі тілмен жазу мәнерімен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер бұрыннан машықталған, үйренішті қалыпта жұмсалады. Ал, көркем шығарманың сөздер сараланып, белгілі стилдік мақсатта қолданладжы. Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма өмер фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды организм. Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та бәрі де қатысады.

Тұрмыс-салт, шаруашылық, экономика салараның қалпы даму жолдары көрсетіледі. Көркем шығармда көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды, жағымыз образдарға бөлініп, топталады. Олардың әрқайсысы өз алдына жеке-дара сырт пішіні , портерті жасалып, іс-әрекеттері ой-өрісі, өмір тануы суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Сөйтіп Типтік образдар жасалады. Шығармалардағы адамдар табиғат қоршауында әрекет жасайды. Мұның бәрі шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігн айқындаудда маңызды қызметатқарады.