Лексика – фразеологиялық стилистика

Сабақтың мақсаты: Студенттрге лексика – фразеологиялық лексика туралы түснік беру.

Фразеологизмдер сөзді жандандырып, тілімізге өткірлік сипат, ұлттық ажары беретін стильдік мәні айырықша құрал болып саналады.

Тұрақты сөз тіркестер (қанатты сөз, мақал – мәтелдер, идиомдар ) аз сөзбен көп мағынаны білдіреді, тілдің стильдік сапасын арттырады.

Мақал – мәтел тиянақталған қорытынды ой ретінде, сөйлем түрінде келеді (мысалы, көп сөз –көмір, аз сөз – алтын. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен, Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі, т.б.).

Мәтел формасы жағынан бейнелеп сөлеудің элементі сияқты. Онда ой аяқталмай келте қайрырылуы (ұзын арқан,кең тұсау, Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен, т.б.).

Сөз өнерінің асылы мақал – мәтелдер ақын – жазушылардың стилінің қалыптасуына ықпал жасайды. Бұл жайында М.Горкий «Менің жазуды қалай үйрегенім жөнінде» деген мақаласындабылай деп жазады: «Асылында мақал –мәтелдер еңбекші хылықтың тұрмысындағы басынан кешіргенін , көргенін, саяси-әлеуметтік тәжірибесін қалыпқа шебер құяды, сол себепті жазушының бұл материалмен таысуы өте қажетті өйтені бұл материал бес саусақта жұмып жұдырығыңды түйгендей сөзді сығымдауға үйретеді. Өзгелердің солай сығымдап айтқан сөздеріндегі астарын аша біліп, дәуіріміздегі міндеттеріне зиянды, өлі пікірлерді әшкерлеуе үйретеді. Өз басым мақалдан кп нйрсе үйрендім, басқаша айтқанда, ойларымды нақыл сөзбен жұп – жұмыр етіп бере білуді үйрендім» («қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 1959, №6, 76-77 беттер).

Фразеологизмдер – сөйлеу тілінде де, жазба тілде де көп қолданылады. Ал оның бейнелегіштік — мәнерлегіштік сипаты әсіресе көркем және публицистикалық шығармаларда айқын көрінеді.

Ғылыми шығармалар мен ресми құжаттарда фразеолгизмдер мұндай мәнерлілік қызмет атқармайды. Өйткені (жоғарыда айтыған) олар көбінесе, терминдік сипатта болып келеді де белгілі бір заттың не ұғымның аты ретінде жұмсалады.

Бірақбұлстильдерде фразеологизмдердіңқолданылу тәсілі бірдей емес. Стильдің бір түрінде тұрақты сөз тіркестері жалпыхалықтық формадапайаланылса ал екінші бір түрінде олар кейбір өзгеріспен жңа экспрессивті стильдік сипатта қлданылады. Мәселен: Сөйлеу тілінде көбінесе жалпы халықытық форма өзгертілмей сақталады.