Стилистикалық норманың тарихилығы

Сабақтың мақсаты: Студенттерге стилистикалық норма тарихы туралы мәлімет беру.

Тіл нормасы деп адамдардың бір – ьірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстарды айтамыз. Тіл нормасы тарихи құбылыс болғандықтан, оның даму кезеңдері де болады.

Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті бір – бірімен тарихи даму үсітінде қарым-қатынаста болып, фольклор жазба әдебиетінің қалыптасуына ықпал жасайтын Орат Азия халықтарының әдебиетінің дамуынан байқауға болады. Атап айтқанда, қырғыз, қазақ жазба әдебиетінің дамып, қалыптасуына фольклорлық шығарманың реалистік тенденциясы әсер еткендігін ғалымдар айтып келеді.

Қазақ ауыз әдебиеті дәстүрінің өмеріге бейімділігі соншалықты ол өткен ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының ұлы ағартушылары, орыс армиясының офицері Шоқан Уалихановтың (1835-1865), қазақ мектебінің бірінші оқулығы менхрестоматиясының және алғашқы көркем проза тәжірибесінің авторы, педагог Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) және ұлы ақын, философ, ағартушы абай Құнанбаевтың (1845-1904) аттарымен байланысты пайда бола бастаған жазба әдебиет ешбір өңдеуді қажет етпей- ақ сол табиғи қалпында енеді.

Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға таналуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты болды. Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар — Абай мен Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қоырының тек түсінікті формаларын ғана шығармаларында қолданған. Фольклорлық бай мұраны шебер пайдалана білген. Сөйтіп, Абай мен Ыбырай шығармалары жалпы халықтық тіл қорының бай қазынасының ең тамаша қасиеттерін бойына сіңірген. Сондықтан да ол шығармалар көркем сөздің ерекше үлгісі ретінде мәңгі жасамақ.

Ескерте кететін бір жай, әдеби тіл мен көркем шығарма тілі екеуі бір ұғымды білдірмейді. Әдеби тіл, ол тек көркем шығарманың ғана тілі емес, жалпы жазба тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Солай бола тұрса да, көркем шығама тілінен оның шеңбері тар. Өйткені, әдеби тіл – сөйлеу де және жазуда пайдаланып нормаланғантілдік белгілер. Ал нормаланған тілдің «қалыптылығы» басым болады. Көркем шығармада олай емес, онда стильдік мақсатта жалпы халықтық тілдегі қарапайым, тұрпайы және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздердің бәрі де қолданылады. Сондықтан әдеби тілден оның аясы кең.