Стиль – стилистиканың негізгі ұғым

Сабақтың мақсаты: студенттерге стиль туралы түсінік беру.

Стилистика ғылымның өзіне тән негізгі ұғымдары бар: стиль, сөйлеу түрлері, түрлі стильдер, мазмұны форма, т.б. Стилистика ғылымының қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі – стиль болып табылады. Стиль осы күнге дейін әркім әр түрлі түсінеді. Себебі стиль теринінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп. Стиль терминіні әдебиеттану, бейнелеу өнері, музыка, т.б. ғылым салалаларында да кеңінен қолданылады.

«Стиль»- латыншадан аударғанда «жазу құралы» деген мағынаны білдіреді. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Мұның осы мағынасы европа білімпаздарының арасына көп тараған. Орта ғасырларда Грекция, Римде стиль — сөзге сендіру, нандыру тәсілі, стилистика — риторика (шешендік) өнері болып саналған. Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп сөйлеу, ал стилистиканы мәнерлеу туралы ғылымдеп есептеген. Кейін ұлттық әдеби тілдің қалыптасу дәуірінде, кейбір елдерде стиль белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құрал деген ұғымда жұмсалады. Бұл ұғм Ресейге де кең тараған болатын. Мысалы, Ломоносовтың үш стилі (жоғары, орташа, төмен) осы жанрлық қағидаға (принципке) негізделген.

Сөйтіп, лингвистикада «стиль» жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген көптеген мағынада қолданылып келген. Ал стилистика көбінесе шешендік өнері туралы ғылым ретінде танылған. Ол тек ХХ ғасырдың бас кездерінде ғана шешендік өнерінен бөліне басатйды. В.Г. Белинский былай дейді: Сөйлеу өнерінің, әсіресе жазу өнерінің зертеуді өте қажет ететін өзінің техникалық жақтары бар. Белинскийдің пікірінше тіл өнерінің осы техникалық жақтары яғни тілдің қолдану тәсілдері мен заңдылықтарын зертеу мәселесі стилистиканың үлесіне тиеді. Бірақ стилдің жалпыға танылған белгілі анықтамасы әзірге жоқ. «Стиль» терминінің алғашқы мағыналары да қазір де жойылмағандықтан сол ұғымдар негізінде стиолистиканы тіл білімінің маңызды саласының бірі деп тануға болады, стилистиканы дербес пән ретінде оқытудың мәні зор.