Функционалды стиль туралы ұғым

Сабақтың мақсаты: студенттерге фукционалды стиль туралы түснік беру.

Функционалды стильдердің пайда болуының өзіндік алғышарттары мен себептері бар. Қазіргі стилистика ғылымындағы функционалды стилдердің концепциясы бар. «Стиль», «подстиль», «жанр» ұғымдарының өзара байланысы бар екендігіне күмән келтіруге болмайды. Әдеби тіл құрамындағы функционалды стилдердің өзара байланысы мен бір – біріне әсері атап айтарлық. Ауызекі сөйлеу стилі адамдардың бір – бірімен күнделікті қатынасында пайдаланылады. Сондықтан, онда тілдің коммуникативтік функциясы баса сезіледі.

Сөйлеу стилі белгілі- бір жағдайда тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан ол, сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланысты. Ауызша сөлеуде еркіндік басым болады. Яғни үйреншікті жағдайда адамдар қысылмай еркін сөйлейді. Өйткені онда күнделікті өмірге байланысты мәселе сөз болады. Сондықтан сөйлеу тақырыбына сай тұрмыста көп жұмсалатын үйреншіктісөздер мен сөз тіркестері қолданымды. Бұл сөйлеу тіліне тұрмыстық сипат беріп, оны қарапайымдандырады. Мысалы:

  • Денсаулық қалай, мықты ма?
  • Жаман емес.
  • Қайда демаласың жазда?
  • Үйде (сөйлеу тілінен)

  • Мылжыңдап барасың, антұрған.
  • Құдай ақы рас. Біздің қатыннан.

Құрт сұрап әкетті (Ғ. Мұстафин).

Жоғарыдағы мысалдардың тақырыбы да, сөйлеу жағдайы да әр басқа. Соған орай олардың лексикалық құрамы да өзгеше болып сұрыпталған (қарапайым және ұрпайы сөздер). Тек лексикасы ғана емес, сонымен бірге, ол сөз үлгілерінің сөйлем құрлысына, ондағы сөздердің орын тәртібіне қарай әрқайсысының өзіне тән әуезділігін және мәнерлік қасиетінаңғару, онша қиынға соқпайды. Сөйтіп сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін жасаытын айрықша белгісі- жағдайға байланысты сөйлеу мәнері. Сөйлеу мәнеріне қарай тілдік белгілердіқолдану өзгешелігі болады. Ол ерекшелік ең алдымен ондағы лексика – фразалогиядан байқалады.

Өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен пайдаланылады, бірақ оның атқаратын қызметі және тілдік жүйенің пайдалануы бір текті болып келмейді. Қарапайым сөзінің мағынасы өте кең.