Әдеби тілдің функциональды стильдік тармақтары

Стиль ұғымы да сөйлеу (речь) және оның нормаларына байланысты қарастырылады. Стильдердің негізгі арқауы – сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары (түрлері).

Қоғамдық өмірде, қатынастың көптеген түрінің болуына байланысты онда тіл біркелкі пайдаланылмайды. өйткені адамдардың қатынасы әр түрлі жағдайда жасалады. әр түрлі жағдайда, әр түрлі сөйлейді, әр түрлі жазылады. Мысалы, “Тыңдадыңдар, Алматыдан сөйлеп тұрмыз!” бен “Әй, тыңдасаңдаршы!” дегенді салыстырсақ, біріншіден, әдеттегі, күнде радиодан естіп жүрген ресми хабар түрі де, екіншіде – үйреншікті сөйлеу тілі бар. Формасы жағынан екеіу – ауызша, бірақ айтылып жеткізілуі әр баса.

“Ана тілін құрметтей білуді насихаттау – басты міндеттердің бірі болуға тиісті. Ғылыми мен техиканың, мәдениет пен әдебиеттің табыстарын білу құралы, өмір мен пікірді білдіретін қарым – қатынас құралы бола алатын ана тілімізді сүйе білудің айрықша мәнін түсіндіп отыру қажет. Ана тілін ардақтау өзге тілді елемеу деген сөз емес. Бұларды бір – біріне қарама – қарсы қоюдың зиянын оқытушыларға да, оқушыларға да уағыздап отыру тиімді. Мұның интернациональдық мәні зор екендігі түсінікті де” (І. Кеңесбаев).

Орыс тілі – жұлдызым,

Қадірлі бізге аманда!

Бірақ қырғыз өз тілін

Білмеген жаман да.

Ана тілін білмеген –

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген – халқын сүйіп жалықпас (Б.Сарыноғаев).

Мысалдың екеуі де ана тілі туралы сөз болған. Екі мысалда сөйлеудің жазбаша түріне жатады. Ал жазылу тәсілі жағынан біріншінің публицистикалық (көсемсөз) стиль, екіншінің көркем сөз (поэтикалық) стиль екенін ажырату қиын емес.

Немесе, мынадай фактіні келтіретірейік: ғылыми стильде оқулық жазылады және лекция оқылады. Мұнда оқулық жазбаша, лекция ауызша, яғни сөйлеудің әр түрлі формасы бір стильде келгені. Сөйтіп, сөз (речь) формасы мен стиль ұғымдары бір емес (В.В.Виноградов. “Вопросы языкознания”. 1955 , № 1).

Форма – ол тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің (речь) сыртқы көрінісі. Стиль – ол белгілі бір қатынастың түрінде тілдік единицаларды сұрыптап пайдалану пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнерінің көрінісі.

Форма – тұрақты ұғым. Мәселен, тілдің ауызша түрі адам қай кезден бастап сөйлесе, содан бері бірге жасап келеді және бұдан былай да жасай бермек. Стиль болса, ол тарихи категория сондықтан тарихи кезеңде кейбір стильдердің болмауы заңды құбылыс деп саналады.