Қолданымдық стилистика

Сабақтың мақсаты: Студенттерге қолданысдық (сөз) стилистиканың туралы түснік беру. Құрылымдық стилистика немесе тіл стилистикасы тілдік құралдардың стлисткалық қасиеттерін нақты қолдану жағайына қатыссыз тұрғыда зерттесе, қолданысдық стилистика немесе сөз стилистикасы керсінше, тілідк құралдардың қызмет ету ерекшеліктерін олардың белегілі-бір жағдайларда (мысалы белгілі бір жанрларда ауызша, жазбаша тұлғада әр түрлі салада) қлджанылуымен байланыстырып зерттейді. Ао көркем әдебиет стлитикасы тілдік құралдардың көркем шығармадағы өмірін, көркем шығармадағы өнер тудырушы құбылыс ретіндегі қызметін зерттейді.

Қазақ тілі стилистикасы пәнінің мазмұны: «Құрлымдық стилистика немес тіл стилистикасы» мен «Қолданымдық стлистика немесе сөз стлилистикасы» құрайды, яғни, қазақ тілі стилистикасының негізігі байлығын құрайтын тілдік құралдар, олардың стлистикалық мағыналары мен бояулары қолданылатын орындары және қазақ тілінің функционалды стилдері. Алайда көркем әдебиет тілі де стилистикалық нормаларды реттеуші маңызыды сипатқа ие. Сондықтан ол да стилистикада әрдайым зерттеу нысаны болады. Бұл айтылғандардан стилистика қазіргі қазақ тілі курсының барлық салааларымен, қазақ әдеби тілінің тарихымен, тіл мәдениеті, көркем мәтінді лигвистикалық пәндерімен тығыз байланысты екені көрінеді.

Қазақтілі стилистикасы ғылымның алдында оның мәселелерін қазіргі талаптарға сай зертеу міндеті тұр. ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында жазылған оқулықтан (М.балақаев, Е. Жанпейісов, М. Томанов, Б. Манасбаев. Қазақ тілінің стилистикасы. А.,1974ж.) басқа стилистиканы тұтас ғылым ретінде не жекелегенмәселелерін тереңірек зерттеген еңбектер жоқтың қасы. Осындай олқылықтың орнын толтыруға бақытталған академик: Серғалиевтың: «қазақ тілінің стилиистикасы (Астана 2007)» атты еңбегі жарық көрді деп есітеміз, бірақ ол оқулық студенттерге жеткен жоқ.

Стилистика өз ішінде мынандай салаларға жіктеледі:

1.Құрлымдық стилистика немесе тіл стилистикасы

  1. Қолданымдық стилистика немесе сөз стилистикасы
  2. Көркем әдебиет стилитикасы

Қолданымдық стилистика тілдік құралдардың қызмет ету ерекшеліктер олардың белгілі бір жағдайларда (мысалы, белгілі бір жанрда, ауызша, жазбаша тұлғада, әр түрлі салада) қолдануымен байланыстырып зерттейді.