Ұғым және сөз

Сөз болған жерде ұғымның болуы заңдылық екені мәлім. Ұғым мағынамен байланысып,оймен,ойлаумен ұштасып жатады. Ойлау мен сөзді бірінен- бірін тағы да бөліп алуға келмейді. Бірақ екеуін біріне тепе-тең деп қарауға да болмайды. Тіл білімінде ұғымды сөзден бөліп қирамай, сөзсіз ұғым болмайды дей отырып, сөз ұғымның қалыптасуында маңызды қызмет атқаратынын ғалымдар ертеден-ақ айтып келеді. Сөздің өзі белгілі дәрежеде ұғымының қалыптасуы арқылы сараланып, дыбыстық бір бүтін мағыналы сөзге айналады. Ұғымды қалыптастыруға, оны айтуға сөз керек болды. Өйткені ойлаудың өзі де сөз арқылы болатындықтан ұғымда сөз арқылы пайда болады, бірақ ұғымның мағынасы кең, бір сөзденде, көп сөзден де бір ұғым болуы әбден мүмкін. Ұғым түйсіктен басталады. Табиғаттағы (сырттағы) зат адам түйсігіне әсер еткенде адам ойлай бастайды. Философияның заңы бойынша кез –келген көрінген зат адамда ой тудырады. Ұғымды сөз жинақтап аяқтайды. Осылай ету арқылы адамның сезім күйі ұғым мазмұнын қабылдағандай дәрежеге жеткен кезеңде сөз – түйсікті ұғымға айналдыратын форма деуге болады. Сондықтан ол екеуінің арасына тепе-теңдік белгі қоюға болмайды. Сөздің шығуы ұғымның сезім тұжырымының қабылдау актісі деуге болады.

  1. Сөйтіп, ұғымның құралу үрдісі (процесі) түйсіктен басталып, барлық жағдайда, барлық кезеңде сөз арқылы аяқталады дегеннің өзінде оның мазмұны мағына түрінде көрінеді. Соның нәтижесінде дыбысталу мен мағынаның бірлігінен сөз кеоіп шығады. Дыбысталу мен сөз, сөз бен ұғым бір-бірімен тығыз байланысты болады. Сол ұғымның пайда болуына түрткі бола алмаса да, оның (ұғымның) құралу процесін аяқтайды. Ұғым айналадағы заттық ақиқаттың сезімге әсер етуінен пайда болады. Адам затты ойлағанда, сол заттың аты ойымызда болады. Біз ол затты білмесек, танымасақ, оның өзінің де, түрінің де, әрекетінің де аттарын білмеген боламыз, олай болса сол заттың атауларын білмеуіміз – адам баласының ол затты танымағандығының нәтижесі болып табылады. Адамда қандай ой туса да, ол тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөздердің негізінде ғана туып, өмір сүре алады. Тілдік материалдан тыс жалаң ой деген болмайды.
  2. Бірақ жеке адамдар түрлі заттарды, құбылыстарды өмір практикасында танып біледі де, сөз (тіл) арқылы олардың аттарын да бірге атап үйренеді. Ойлау мен тілдің байланысы осында болып табылады. Бұл байланыс сөйлемде де жеке сөздер де көрінеді. Ойлау қажетінен тыс сөйлемнің я сөздің болмауын былай қойғанда, белгілі бір мән-мағынаға байланысып, тілдің элементі болып келетін грамматикалық тұлғаның өзі де ой мен тілдің байланысын көрсетеді. Онсыз, яғни заттық ақиқатсыз, ешбір үғым да тумас еді. Сөйтіп ұғымның мазмұны сөздің мағынасы болып шығады. Бірақ ұғым категориясы мен мағынаны да тепе-тең деп есептеуге болмайды. Мағына –ұғымның қалыптасқан, айқындалған түрі. Мағынаның ұғымнан айырылатын мынадай ерекшеліктері бар: 1) ұғым категориясы дүние жүзіндегі тілдердің бәріне де ортақ, бәрі де тас, ағаш, көл, тау, жақсы, жаман дегенді ұғады, яғни ұғым қай халыққа болсын бірдей. Ал сөздің мағынасы бәрінде бірдей емес, онда (сөз мағынасында) ұлттық ерекшеліктің ізі болады. Әсіресе бұл ерекшелік сапаны белгілеуде айқын көрінеді. Ұғым ұлттық ерекшелік жоқ десек те болады. Мысалы, қазақ тілінде көмір деп сөнген шоқты түсінсек, шоқ деп жанған күйін айтамыз. Шынында, бұл екі сөз екі түрлі заттың атауы емес, заттың екі түрлі күйін білдіреді. Бірақ екеуі екі басқа, біріне-бірі қаттыссыз атау болып сезіледі. Ұғымның мәні- сөз мағынасынан гөрі кеңірек, әрі жалпылау.