Сөз бен дыбыс

Сөз дыбыстардан құралады. Солай десек те, дыбыс болған жердің бәрі сөз болып қалыптаса бермейді. Сөзді фонемалық дыбыстар ғана құрайтыны ғылыми еңбектерде айтылып жүр. Фонемалық дыбыстар да қалай болса солай тіркесіп сөз құрай бермейді. Мысалы, тал десек, сөз болады, ал лат десек, сөз болмайды. Сөз бен дыбыстың арасында заңды бірлік бар. Ол заңдылық бұзылса, екеуі де тұрақты қалыптан айрылып қалады. Бұл заңдылық дәстүрлік принципке сүйенеді. Сөз бен дыбыстың бірлігін былай көрсетуге болады: 1) Сөз болмағанжерде дыбыс жүйесі жоқ;

2) Дыбыссыз сөз жоқ. Дыбыс сөздің материалы.

  1. Дыбыс – тілдің материалдық қабығы және көрінісі. Дегенмен тілдегі сөйлеудің ең кіші бөлшегісөз болып табылатынын естеншығармау керек. Себебі мағына сөйлеммен, сөзтіркесімен, олардың ең кішкентай бөлшегі – сөз арқылы беріледі. Дыбыс мейлі жалаң, мейлі күрделі болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ сөздің мағынасын ажыратуға құрал болады. Біз, боз деген сөздерді ажыратуға құрал, белгі болып тұрған – о, і дыбыстары. Сол сияқты бөз деген сөздің дауысты дыбысын өзгерту арқылы баз, бұз, без, боз деген бес түрлі сөз жасап, бес түрлі мағынаны анықтай аламыз. Осы сөздің басқа дыбысын өзгерту арқылы көз, сөз, төз т.б. сөздер, соңғы дауыссыз дыбысын өзгерту арқылы бөс, бөл, бөк тәрізді сөздер жасауға болатынын көреміз. Осы дыбыстарды жеке алып қарасақ, ешбір мағына бере алмайды. Сонда жеке айтылған дыбыста мағына болмағанымен, дыбыстар тіркесі – сөз жасайтын қажетті материал, тілдің материалдық көрінісі болып есептеледі. Жоғарыдағы мәліметтерге қарап, дыбыс болған жердің бәрінде сөз жасауға қолайлы өзіндік ортақ заңы бар екен деп түсінуге болмайды. Егер барлық тілдерге ортақ сөз жасайтын фонетикалық заң болса, қазақша – нан, парсыда – шүрек, орысша – хлеб, немісше – брот деп аталмай, барлығына ортақ бір атау болар еді. Әр тілдің дыбыстық құралым ерекшелігіне қарай, өзіне тән ішкі заңы бар. Адамдардың ерте кезден бері қолданып келе жатқан қоғамдық тәжірибесі салдарынан әр тілдің өзіне тән ішкі заңдары келіп шығады. Бұл жағдай сөз құрылымы жағынан жақын, грамматикалық құрылысы үйлес, туысқан тілдердің өзінде де әр түрлі болады.
  2. Сөздің өзіне тән белгілері мыналар:
  3. Сөз белгілі бір дыбыстық құрылымынның бірлігінен тұрады. Сөздің дыбыстық

құрылымының бірлігі тілдің фонетикалық заңдарына орайласып жасалады. Қазақ тілінің фонетикалық заңы бойынша сөз басында екі дауыссыз дыбыс тіркесіп келмейді. Осыған орай, қазақ тілінде, нмол, тбол деген дыбыс тіркестері лексикалық единицалар (сөздер) ретінде де таныла алмайды. Сөздің фонетикалық белгісіне екпін ұғымы да енеді.

Атауыш сөздер екпінге ие болады. Сөздердің ішінде дербес екпінге ие бола алмайтындар – көмекші сөздер. Егер күрделі сөз екі екпінге ие болса, онда оның бірі негізгі, екіншісі көмекші екпін болады. Сөз өзінің фонетикалық тұлғалануы мен құрылымы жағынан фонемадан ажыратылса, бір негізгі екпінге ие болуы жағынан сөз тіркесінен ажыратылады.

  1. Сөздің дыбысталудан басқа мағыналық жағы да бар. Сөз дыбысталу мен мағынаның

бірлігінен тұрады. Қандай сөз болса да, белгілі бір мағынаны білдіреді.

  1. Белгілі бір тілдегі сөз сол тілдің грамматикалық заңдары бойынша тұлғаланады да,

өзіне тән формаларының бірінде көріне алады. Сөз – грамматикалық жағынан бір тұтас тұлғалану жағынан еркін сөз тіркесінен де, тұрақты сөз тіркесінен де ажыратылады.

  1. Сөз құрылымдық тұйықтылығымен, яғни қасиетімен сипатталады. Бір тұтас сөздің

аралығына басқа бір сөз ене алмайды.

  1. Сөздің морфема мен еркін сөз тіркесінен және сөйлем не айырмашылығы: сөз қалай

да болсын, белгілі бір сөз табына қатысты болады.