Сөздің түрлері мен нұсқалары (варианттары)

. Тілде сөздердің топтары мен түрлері (типтері) көп. Сөздердің типтерін ажырату, айқындау лексикологияның көбіне-көп қарастыратыны қандай сөздер екенін білу үшін қажет. Кез келген тілдегі сөздерді білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметі және ұғымды белгілеуі жағынан алып қарастырғанда, оларды әр түрлі топтарға (типтерге) бөліп топтастыруға болады. Тіл – тілдегі сөздердің басым көпшілігі өмірдегі сан алуан құбылыстарды (зат, сапа, белгі, іс-әрекет) белгілейді және солардың атаулары ретінде қызмет атқарады. Мұндай сөздерді толық мағыналы сөздер немесе дербес сөздер деп атаймыз. Сөз – лексикалық өлшем. Сөздердің лексика – грамматикалық мұндай топтары лингвистикада кейде атауыш сөздер деп те айтылып жүр. Атауыш сөздер әр алуан заттар мен құбылыстардың, іс-әрекеттің, сапа мен белгінің аттары болып саналады. Атауыш сөздердің әрқайсысында толық лексикалық мағына және логикалық ұғым бар.

Бұларға (атауыш сөздерге) қарама-қарсы сөздер тобына жалғаулықтар, демеуліктер, септеулік шылаулар, көмекші етістіктер, басқа тілдердегі предлог, артикльдер жатады. Мұндай сөздерге (көмекші сөздерге) мағыналық жақтан лексикалық дербестілік жетіспейді, бірақ олардың алуан түрлі грамматикалық мағыналары болады. Көмекші сөздердің кебіреуі сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырса, кейбіреулері тіркескен сөзіне әр түрлі грамматикалық жағы басымырақ болады. Мұндай ерекшелік ескеріліп, көмекші сөздер тіл білімінің көбінесе грамматика саласында қарастырылады.

  1. Сөздердің жоғарыда аталған екі түрінің аралығынан орын алатын сөздер тобы мыналар: есімдік, сан есім және одағай сөздер. Сөздердің бұл тобында оларды атауыш сөздерге де, көмекші сөздерге де жақындататын белгілер бар. Есімдік, сан есім, одағай сөздердің көмекші сөздерге қарағанда, дербестігі әлдеқайда басым. Бұл белгісі жағынан олар атауыш сөздермен жақындасады. Бұлардың көмекші сөздерге жақын белгісі сол: олар дербес сөздер болғанмен, өздері қатысты атауыш сөздердің көдеңкесін сағалайды, солардың шылауында көрінеді (ол, яғни инженер немесе дәрігер; он, яғни он кітап немесе саусақ); мұның үстіне олардың тағы мынадай ерекшелігі бар: есімдіктер заттың немесе құбылыстың тікелей атауы емес, атаулардың орынбасары; орнына жүретін сөздер. Есімдіктердің мағынасы контексте (мәтінде), сөйлемде ғана аңғарылады. Есімдіктердің білдіретін ұғымдарытым жалпы. Олардың мағынасы мен ұғымы алдыңғы сөйлем арқылы белгі бола алады. Сан туралы ұғымның өзі де, оларды белгілейтін сан есімдер де тіл-тілде өте абстракты. Одағай сөздер зат пен сынды, сан мен қимылды білдіре алмайды. Одағайлар қуану, шаттану, өкіну, ренжу, шошыну, күрсіну, ұнату, таңырқау тәрізді көңіл күйін, түрлі эмоцияны білдіреді.
  2. Сөздердің фонетикалық нұсқалары (варианттары) дейін-шейін, мұны-бұны, мұнан-бұдан, оқиға-уақиға, кәзір-қазір, әжім-ажым, әлдеқашан-алдақашан, әрдайым-әрдәйім, бәйшешек-байшешек, бәйге-бәйгі, былғары-бұлғары, бірдеңе-бірдеме, ділмар-тілмар, ештеме-ештеңе, жүзім-үзім, зәбір-жәбір, келемеж-келемеш, кәрия-қария, киіз-кигіз, қамзол-кемзал, қартаң-кәртең, қате-қата, пейіл-бейіл, риза-ырза-разы, рұқсат-лұқсат, суару-суғару, сүйінші-шүйінші т.б.

Бір сөздің әр түрлі фонетикалық варианттары кейде өз алдына дербес лексикалық единицаларға (сөздерге) айналуы да мүмкін: өкімет-власть, үкімет-правительство, қазір-сейчас, әзір-пока т.б.

Бір сөздің морфологиялық құрылысы әр түрлі болғанымен, семантикалық жақтан айырмашылығы болмайтын түрлері оның морфологиялық вариантары болып есептеледі:

  1. Орыс тілінде: зал-зала, рельс-рельса, перифраз-перифраза, архаический-архаичный, санаторий-санатория т.б.