Ерін дауыстыларының ерекшеліктері

Қазіргі қазақ тілінде 9 жалаң дауысты (монофтенг) дыбыс бар екендігі ғылыми еңбектерден мәлім. Атап айтқанда: а, е, ы, і, ә, о, ө, ү, ұ. Бұлардан басқа екі қосымша қосынды (дифтенгоид) дауыстылар бар, олар: и, у.

Жалаң дауыстылар езу мен еріннің қатысына қарай езулік және еріндік болып жіктеледі. Дыбыстарды айтуда ерін мен езудің қызметі ерекше болатынын барлық ғалымдар мойындаған. Солай десек те, екеуінің қызметі бірдей емес. Кейбір дыбыстарды айтқанда, тек ерін ғана қытысып отырса, екінші біреулерін айтқанда, езудің қызметі айрықша болады. Осыған байланысты жалаң дауыты дыбыстар еріндік және езулік болып екі салаға бөлінеді. Тек қана еріндік пен езулік емес, дауысты дыбыстарды (вокализм) алғаш сөз еткендер Н.И. Ильминский, П.М. Меморинский, В.В. Радлов болып есептеледі. (Н.И.Ильминский. материалы к изучению киргизского наречия. Ученые записки императорского Казаньского университета за 1860-1861 г., ч.1. фонетик и этимология, СПБ, 1894, В.В.Радлов. Фонетика (вокализм)) тюркских языков, Лейпциг, 1892.

  1. О фонемасы еріннің дөңгеленуі арқылы айтылады. Бұл фонеманы айтқанда иек а-ны айтқандағыдай гөрі жоғарырақ көтеріледі де, ал ы-ны айтқандағыдан гөрі төменірек түсіп (яғни ауыз кеңірек ашылып) тұрады; айтымды, бірақ тіл кейін жиырылып тұрғандықтан, жуан дауысты дыбыс болады. Бұл фонема қазақ тіліндегі төл сөздерінің тек бас буынында ұшырайды, еш уақытта ол төл сөздердің екінші буындарында кездеспейді. Бота орақ, қолдар, молшылықтың дегенде, кейінгі буындарды еш қайсысында естілмейді де, жазылмайды да. Бірақ түркі тілдерінің кейбіреулерінде алғашқы буындағы – ның ықпалымен екінші буында да келе береді, мысалы, қырғыз тілінде – қолдар, орақтар ; кейде (ауыз екі тілде ) орыс тіліндегі дыбыс, қазақтың айтуында түріне айналып кетеді, қырғыз тілінде де осы тәрізді ( И.А Батпанов. Фонетическая система, Фрунзе, 1946,28-бет ) . Мысалы, орыс тілінің сөзі қазақ тілінде айтылуда, көбінесе сот түрінде кездеседі. Орыс және басқа тілдердің әсерінен қазақ әдеби тілінде интернационалдық сөздердің қай буынында болса да келе береді:кино бнеро, польша, кимано, трио, коллоквиум т.б. О фонемасы – –ның жіңішке сыңары ( корреляциясы ) ретінде қолданылады, екінші сөзбен айтқанда Ө тіл сәл ілгері жылжыңқырап жатуынан пайда болады, ол ерін, иек артикуляциясы жағынан о мен ө бір келкі жасалады. Ө фонемасының жіңішкелігі ә(э) тәрізді деуге болады. Бұл екеуінің айырмашылығыө — ерін дыбысы, ә — езу дыбысы екендігінде. Ауызекі тілде ө сөздің екінші буынында да кездесе береді. Бас буында Ө,Ү болса, екінші буындағы е айтылуда ө-ге айналып кетеді; өте, күрек сөздері өтө, күрөк түрінде айтылады. Осы сөздердің екінші буынындағы е фонемасы ө — мен ауысының себебі: е мен ө — нің тіл қатысы жағынан да (екеуі де біркелкі жіңішке) бір-біріне жуық, ө фонемасы ешбір жағдайда өзге дыбыстарға комбинаторлық вариант бола алмайды. Тек е – нің жоғарғы жағдаятта, кейде, ө -мен ауысып кетуін (онда да фонематикалық түрде болмауын) еске алмағанда, ол үнемі о – ның жіңішке сыңары болуын айрықша атап кету керек: сол-сөл, тол-төл, тоқ-төк.

3.Ұ фонемасы да ерін дауыстысына жатады, оны айтқанда, ерін о, ө фонемаларын айтқандағыдан гөрі сәл сүйірленіп тұрады, бірақ артикуляциясы жағынан бұл фонеманың о –дан айырмасы жоққа таяу: екеуі де жуан дауыстылар тобына жатады. Ұ фонемасы қысаң дауысты, өйткені ол иектің жоғары көтерілуінен (ауыздың келте ашылуынан) пайда болады. Ұ фонемасы да сөздің бас буынында кездесіп отырады. Еріндік дауыстылар: а, ө, ұ, ү, у.