Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар және графика

  • Қазақ тілінің дыбыс жүйесі ертеден-ақ зерттеу объектісі бола бастағаны сонау Н.И.Ильминский, академик В.В.Радлов, проф. П.М. Меморанский еңбектерінен белгілі. Фонология туралы Л.Р.Зиндер, Л.В. Щербаның пікірлері де қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеуде елеулі қызмет атқарады.
  • Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жүйесінің басқа түркі тілдеріндегі дыбыстар жүйесімен ортақ та, айрықша да жайлары баршылық.
  • Кез келген дыбыс серпінді (соғылмалы) заттың вибрациялық қимылынан пайда болады. Тіл дыбыстары – күрделенген вибрациялық нәтижесінде пайда болатындықтан, оның өзінің ырғағы, күші болады. Соған қарай олар әр түрлі болып келеді.
  • Дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан айырмасын дыбыстау мүшелерінің қызметіне қарай байқауға болады. Дауысты дыбыстарды айтқанда, олар біржақты яғни бөлшектене қимылдайды. Дәлілер те нақтылай айтсақ, дауысты дыбыстар дыбыстау мүшелерінің бірөңкей толық қимылынан мүшелерінің бір бөлек дара қимылынан пайда болады. Екіншіден, дауысты дыбыстарды айтқанда, фонациялық ауа кедергісіз шығады да, дауыссыз дыбыстарды айтқанда, дыбыстау мүшелерінің бірінен қалайда бірінен қалайда бір тосқауыл болады. Үшіншіден, дауыссыз дыбыстарды айтқанда, фонациялық ауа қарқынды (лепті) шығады да, дауысты дыбыстарды айтқанда, баяу (лепсіз) шығады. Сондықтан ауа шығу тұрғысынан сөз етсек, дауыссыз дыбыстарды шартты түрде лепті, дауыстарды лепсіз деп топтастыруға болады.
  1. Қазақ тілінде дауыс шығаратын мүшелер (дауысшымылдығы мен ауыс қуысы) түрліше құбылып, бірде кеңірек, бірде тарырақ ашылып, дауысты дыбыстардың артикуляциялық, акустикалық сапасын өзгертіп отырады. Сапасы бөлек белгілі бір фонема бір-ақ түрде естіледі деуге болмайды. Арнаулы бір фонема дыбыстау мүшелерінің қарай әр жағдайда әр түрлі дыбыстала береді. Әр түрлі дауыты дыбыстардың бір-бірінен айырмасын да, белгілі бір дауысты дыбыстың әр түрлі айтылу себебін де сол резонаторлық (дыбыс беру) мүшелердің қалпына қалпынан білуге болады: балық дегендегі а, ы фонемаларының өзара ерекшелігін де, балықтар дегендегі бірінші а, соңғы а дыбыстарының өзара айырмашылықтарын да сол резонаторлық мүшелер арқылы біле аламыз: ы фонемасын айтқанда, ауыз а фонемасын айтқандағыдан гөрі анағұрлым тар болады. Соңғы буындағы (екпін түскен буындағы) а дыбысы басқа буындағы (екпінсіз буындағы) а дыбысына қарағанда күшті (айқын) айтылып тұр, бс буындағы а – бәсең (солғын ) айтылып тұр. Яғни дауысты дыбыстар бірде күшті (айқын), бірде бәсең (солғын) болып айтылуы сол резонаторлық мүшелердің бірде керіле тартылып, бірде іркіле тартылуына байланысты болып келеді. Жоғарыда айтылғандардың барлығы – артикуляциялық айырмалар. Қазақ тілінің дауысты дыбыстары мен дауыссыз дыбыстарының тағы бір басты ерекшелігі: дауысты дыбыстар буын құрай алады да, дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Бұл тұрғыдан алғанда, дауысты дыбыстарды буын құрағыш дыбыс деп, дауыссыз дыбыстарды буын құрай алмайтын дыбыстар депр те қарауға болады. Дауысты дыбыстардың өзінің сапасы жағынан, акустика тұрғысынан құлаққа әр түрлі естілуі олардың артикуляция жағынан түрліше жасалуынан деп түсінген жөн.
  • 3.Қазақ тілінің дауысты дыбыстар құрамында мынадай дыбыстар бар: а, е, ы, і, ә, о, ө, ү, ұ. Бұлардан басқа екі қосынды дауыстылар (дифтенгоид) бар: и, у.
  • … Графика жазу легенді білдіреді. Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі. Ол көбінесе ойды ауызша айтуға мүмкіндік болмағанда немесе ыңғайсыз болғанда пайдаланылады. Графика (жазылған, өрнектелген) жазу және соған қатысты мәселелерді қарастырады, жазуға қатысты барлық амалдың жиынтығы, әріп пен дыбыстың арақатысы, сол әріп таңбаларды жетілдірудің жайы. Қазіргі қазақ графикасының басты құралы мен түрлі тыныс белгілері болып табылады. Қазіргі қазақ графикасы әріптердің жазылу тәсіліне және өрнегіне қарай жазу графикасы және баспа графикасы (сондай-ақ машина жазу графикасы) болып бөлінеді.
  • Бақылау сұрақтары:
  • Еріндік дауыстылар
  • Еріндік дауыстылардың қызметі
  • Ерін және езулік дауыстылардың байланысы
  • Еріндік дауыстылардың жасалу орны
  • Артикуляция және дауыстылар