Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдіс, дыбыс өзгерістері

Фонетикалық зерттеуде оның нысанын (объектісін) лабораториялық жолмен, түрлі құрал, аппараттар арқылы тексеретін эксперименталдық фонетика, тілдегі материалдарды екінші бір тілдің материалдарымен салыстыра тексеретін салыстырмалы фонетика, дыбыстардың шығу, даму жолдарын зертейтін тарихи фонетика, тілқұбылыстарын фонетикалық тұрғыдан зерттейтін фонетикалық бір – саласы фонгология бар. Осылардың әр – қайсысының өздерінше қолданатын әдіс, тәсілдері бар. Ол әдістер зерттеужұмыстарының тақырыбына, аумағына байланысты болып келеді.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесін зерттеу 1930 жылдардан бастау алады. Қ. Жұбановтың “Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лексиялар” (“Политехникалықмектеп” журналы, 1933, 7, 8,) деген күрделі еңбегі жаряланды. Одан соң “Қазақ тілі жөніндегізерттеулер” атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбектің бірінші бөлімінде фонетикалық қандай ғылым екендігіне тоқталып, ол тілдің дыбыстық жағын ғана тексеретіндігін түсіндіреді. Бірінші бөлімінде ,,… тілдеде дыбыстардан құралып барып буындар, буындардан жиналып келіп сөздер, сөздер топталып алып сөйлемдер пайда болатын тәрізді”,- деп жазды. Және қазақ тілінде сапасы 26 түрлі, яғни а, б, ш, д, ж, е, г, ғ, и, к, л, м, н, ң, қ, р, п, о, с, т, ұ, у, ұ, у, з, ы, ы, й, сияқты дыбыстар бар екенін ескертеді.

1941 ж. Ғ. Бегалиев “Сингармонизм” тақырыбына байланысты мақала (“Халық мұғалімі”, 1941, 3, 4 +, 69 — бет)жазып, қазақ тіліндегі үндестік заңына тоқталады.

2.Академик, І.Кеңесбаев бірнеше еңбек жазды, соныңішінде күрделісі – “Қазіргі қазақ тілі ” (А.,1962), фонетика тарауы. Мұнда академик І.Кеңесбаев фонема жайында Л.В. гцербаның Концепциясын арқау ете отырып, сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажыратуға себі бар тілдегі ең кішкене дыбыстық единицаны фонема деп ұқтырады. Қазақ тілі дыбыс жүйесін тәжірибе фонетикасының тәсілдерімен зерттеп, көбірек еңбек еткен – Ж.А.Аралбаев. “Вокализм казахского языка” (А.,1970) атты еңбегінде фонеманың мәні, қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы, тәжірибе фонетикасының әдістері және әрбір дауысты дыбыстардың естілу күші жан-жақты эксперимент материалдардың фактілерімен талдау жасалады, қазақ тілі дыбыстарының фонемалық құрамын анықтауда математикалық лингивистиканыңәдістерін пайдаланды.

Сөйлеудің табиғи дыбыстық материясы болып табылатын фонетикалық жағы ерекше зерттеу әдістерін (метод) керек етеді. Себебі фонетика бір жағынан акусикалықаспекті тұрғысынан акусикамен, екіншіжағынан физиалогиямен ( сондай – ақ анатомиямен де) байланысты болып келеді де, бұл ғылымдарда пайдаланылатын әдістер мұнда да қолданылуға тиіс. Мұны әдеттеэксперименттік әдіс дейді де, сонымен байланысты қарайды. Дыбыстардың акустикалық мінездемесін – күшін, қарқынын, созыңқылығын, сондай – ақ оның артикуляциалық табиғатын, яғни қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалып тұрғанын нақты да дәл білу үшін қабылдау арқылы сезіп қою жеткіліксіз, оны тиісті аппараттардыңкөмегімен қарастыру керек. Экспериментті — фонетикалық әдісті екі топқа бөліп қарастырған тиімді; 1) акустикалық әдіс арқылы сөйлеу дыбыстары, олардың акустикалық қасиеттері қарастырымды; 2) физиологиялық әдіс немесе соматикалық әдіс арқылы дыбыстардың жасалуына қандай мүшелер қалай қатысып тұрғаны, оның артикуляциялық ерекшеліктері айқындалады. Аталған әдістердің әрқайсысы пайдаланатын құралдың түріне қарайіштей бірнеше әдіске бөлінеді.

Акустикалық әдіс; 1. Кимографиктық әдіс. 2. Осциллографтық әдіс. 3. Спектрографтық әдіс. Соматикалық әдіс: 1. Палатографтық әдіс.2. Рентгенографиялық әдіс. 3. Кинофотоға түсіру әдісі.

Эксперименттіфонетика қазақ тілібілімінде де кең қолданылып келеді.

3.…Қазақ тілінде дыбыс өзгерістерінің басты-басты түрлері: игерулі(комбинаторлық), шекті(позициялық), игерусіз (спонтанды) игерулі өзгерістерге ықпалдар жатады. Игерусіз өзгерістердің дыбыстардың өзіндік ерекшеліктері бар(тарихи дәстүрмен байланысы, игерілуден айырмасы)

Шектік өзгерістердің түрлері: үстеліп айтылатын сыналық дыбыстар (протеза, эпентеза, эпитеза); дауыстының әлсіреуі(редукция), оның сандық, сапалық, элизиялық, гаплологиялық түрлері, ұяң, дауыссыздардың сөз соңында кідірістің алдында тұрып қатаңдануы.