Қазақтың әдеби тілі

Қазақтың әдеби тілі, әсіресе сөздік қорымыз, әдбен қалыптасып болды деп айта алмаймыз. Кейбір жағдайларда әр өлкеде әр түрлі айтылатын сөздердің ішінен мына сөз әдеби тілдің нормасы, мына сөз диалектизм деп кесіп айту қиын.Мысалы: әтеш- қораз, әтір-иіс су- иіс май сияқты қабаттаса қолданылып жүрген сөздердің қайсысы әдеби тілдің нормасы екенін әзір айта аламймыз. Егер жазушы осындай жараспалы сөздерді өз баяндаулары мен кейіпкерлерінің тілінде қолданатын болса, біз оған кінә тақпауымыз керек. Ал әдеби тілімізде норма болып қалыптасқан сөздердің орнына жалпы халықтық сипат алмаған, тілді шұбарлайтын сөздерді автор өз баяндауларында қолданбағаны дұрыс.

Жергілікті сөздерді пайдалануда тағы бір кемшілік бар. Кейбір жазушылар оңтүстік облыстарда тұратын еңбеккерлер туралы шығарма жазғанда, сол жерде болған оқиғаларды сөз еткенде, тұрғылықты кейіпкерлердің тіліне батыс говорларына тән сөздерді кірістіріп жібереді. Немесе шығыс қазақтарының тіліне батыс гововрларына тән сөздерді әкеліп кірістіреді. Бұл-жергілікті халықтық тілдік колоритын (бояуын) беру мақсатына ешбір қатысы жоқ әдіс. Мысалы, Ғ. Сланов “Шалқар”, “Домбыра күйі-Ақиық” атты шығармаларында Жетісу, Шығыс Қазақстан жерінде болып жатқан оқиғаларды суреттей отырып , сол жерде туып өскен тұрғындарды батыс қазақтарында тән аға ( аға), я ғой (жарай ма) , ілкі әзірде ( алғашқы кезде), сой (тұқым тек), әше (ендеше) сияқты сөздер қосып сөйлеттіреді.

Аудармашылардың арасында түп нұсқада кездесетін диалектизмдерді қазақ тіліне аударғанда, оларды қазақ тілінің говорларындағы тиісті балама сөздер арқылы аудару керек деген пікір бар. Егерде біз Шолоховтың “Тынық Дон ” шығармасында кездесетін диалектизмдерді қазақ тілінің жергілікті сөздерімен аударатын болсақ, онда біз түп нұсқадағы сөөз болып отырған Дон казактарының тілдік ерекшеліктері орнына Қазақстанның кейбір аудан, облыстарында тұратын тұрғындарының тілдік ерекшеліктерін көрсеткен боламыз.

Біздіңше, түп нұсқада кездесетін диалектизмдерді аударудың үш жолы бар: 1) түп нұсқадағы сөздер қазақ тіліндегі сөздермен мағына жағынан, дыбыс жағынан әуелдес болса, оларды қазақ тіліндегі сөздермен беру керек. 2) түп нұсқадағы диалектизмдердің әдеби тілде баламалары болса, оларды әдеби тілдегі сөздермен аудару керек; 3) әдеби тілімізде баламасы жоқ орыс диалектизмдерін аудармай, түп нұсқадағы қалпын сақтап, сілтімеде немесе түсініктер бөлімінде ол сөзге қысқаша түсінік берген жөн.

Кейбір жазушылар мұндай сөздер мен сөйлем орамдары қазақтың жалпақ тілінде бар, қазақ солай дейді, “ мен талай естігенмін”, оларды жатсынбай сарқа пайдалану керек дегенді айтады.

Бұл- әдеби тіл мен ауызекі тілдің ара қатынасын, ерекшеліктерін түсінбеушіліктен туған пікір.

Қазақтың әдеби тілі, әсіресе сөздік қорымыз, әдбен қалыптасып болды деп айта алмаймыз. Кейбір жағдайларда әр өлкеде әр түрлі айтылатын сөздердің ішінен мына сөз әдеби тілдің нормасы, мына сөз диалектизм деп кесіп айту қиын.

Жергілікті халық тілінің байлығын пайдалануда бізде осы күнге дейін әр түрлі түсініліп жүрген жайлар жоқ емес. Кейбір көркем сөз шеберлері, аудармашылар тіл байыту дегенді бір жақты түсініп, кейде жалпы халықтық баламалары бола тұрса да, жергілікті сөздер мен грамматикалық тұлғаларды жиі қолданады.

Ауызекі тілде кездесетін кейбір сөз бен сөйлемдерді әдеби тілде талғамсыз қолданып, шығарманың құндылығына нұқсан келтіруге болмайды.

Әрине, жоғарыда көрсетілген кемшіліктер осы күнгі көркем шығармада, жазушылардың стиль ерекшеліктеріне жалпылық сипат алып отырған жоқ. Әдеби тілдің үлгісі не дегенде, біз ең алдымен көркем әдебиет тілін айтамыз. Әдеби тілдің нормасы дегенде тағы көркем әдебиет тіліне жүгінеміз. Тіл білімпаздары тіл зерттегенде, сөздіктер жасағанда ең алдамен көркем әдебиет тілін негізге алады. Түрлі мектеп оқушылары мен хрестоматияларға үзінділер беріп, біз мектеп оқушыларын мәдениетті, сауатты сөйлеуге көркем шығармаларын қадірлейді, көп оқиды, оның тілін үлгі тұтады. Егер көркем шығарма тілінде әдеби тілге жатпайтын кедір-бұдыр, өңделмеген сөйлемдер кездесіп отырса, ондай сөздер оқушылардың тілін байыта алмайды.

Ал жергілікті сөздерді автордың өз баяндауларында қолданудағы мақсаты- әдеби тілде баламасы жоқ диалектизмдермен тілімізді байыту. Осы күнгі баспасөз бетінде жиі қолданып жүрген жақыл, жүйек, атыз, жұлықтау сияқты сөздер бұрын бір аймақта қолданылып келсе, қазір жалпы халықтық сипат алады.

Егер бар сөзді талғамай, жатсынбай қолдана берсек, онда шейіннің орнына шекейін, ендешенің орнына әше, иенің орнына еге, сонаудың орнына тонау, аманбыз дегеннің орнына мұздай қара көк, барайық дегеннің орнына баралы, келесіз дегеннің орнына т.б. сияқты толып жатқан жергілікті ерекшеліктерді әдеби тілге енгізу керек болады.

Әдеби тілдің даму бағыты әрқашан да бірыңғай сипатта болған емес. Дәуір талабы оның даму бағытына өзгеріс енгізеді. Сөз өнерінің шебері әдеби тілдің белгілі дәуірдегі осындай даму тенденциясымен, бағытымен есептесуге тиіс. Ол өзіне тән көркемдік, стильдік ерекшелігін сақтай отырып, бүкіл творчествосымен, жаңалығымен белгілі кезеңде негізі салынған әдеби тіл дәстүрлерін одан әрі дамытып отырады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің даму бағыты ұлы Абай шығармаларында анықталғаны мәлім. Абай дәстүрін, ол белгілеген бағытты тілдің осы күнгі даму сипатымен ұштастырып, шеберлік пен дамытып отырған ақын- жазушылар бізде аз емес.