Әдеби тілде диалектизмдерді пайдалану

Әдеби тілдің негізінде сөз шеберлері творчестволық жолмен дамытқан жалпы халықтық тіл жатыр. Әдеби тіл мен жалпы халықтық тіл бір-біріне бүтіндей қарама-қарсы құбылыс емес. Бұл екеуінің арасында тығыз байланыс бар. Сөйле утілінің зор табысы ретінде әдеби тіл, бір жағынан, халық тіліне, жергілікті диалектілерге өз ықпалын арттырып, қарапайым, тұрпайы сөздермен дбалектизмдерді ығыстырып отырса, екінші жағынан, сол халық тілі есебінен өзі де байып, толыға түседі. Әдеби тіл бүкіл ұлттық тілдің байлығын түгелдей қамтитыны белгілі. Ұлттық тілдің жоғарғы формасы әдеби тілге халық тіліндегі неғұрлым дәл, айқын сөздер мен сөз тіркестері, тұрақтаған марфалогиялық тұлғалар мен синтаксистік құрылмдар ғана кіреді.

Осы тұрғыдан қарағанда тіліміздегі сан алуан сөздің әдеби тілге жататыны да, тек сөйлеу тілінде ғана жұмсалатындары да бар. Бірақ әдеби тілге кірмейтіннің бәрі бірдей диолектизм емес. Мәселен ,әдеби тілдегі түрдегі түрлері анықталса да, сөйлеу тілінде қазір айтыла беретін сөздер аз емес: төрт – дөрт, тізе – дізе, және –жана, мағына- мағана, кәне – қане,қадір-кәдір, патша-патса, өмір – ғұмыр, доп- топ т. б. сонымен бірге әдеби тілде осы күнге шейін қатар жұмсалып, орфоэпялық нормасы айқындалмаған сөздер де бар: зәбір- жәбір, әшейін- әншейін,балуан- палуан, бәле- пәле, тіл мар- діл мар, бірдеме- бірдеңе, пен де- бенде, нақыс- нақыш, бәйге- бәйгі, сопаю- сопи, ыржың- ыржаң т.б.Бұл сияқты сөздерді тіл байытатын синонимдер друге болмайды, себебі олар- айтылудағы аздаған өзгерісі болмаса, негізі бір сөздер. Сондай-ақ бұларды диолектизм друге де болмайды, өйткені белгілі облыс, аймақ көлемінде ғана емес, барлық жерде жаппай айтыла береді, жалпы халықтық сипаты бар. Дегенмен, сөздердің айтылуындағы мұндай тианақсыздық әдеби тілдің нормалануына нұқсан келтіреді, сол себептен оларды бір ізге түсіру керек.

Ал диалектизмдердің әдеби тілге қатысына келсек, олардың әдеби тілді быйытуы- сирек құбылыс. Әдеби тілге енген диалектизмдер санаулы ғана. Тек бенлгілі бір ұғымды білдіретін сөздер әдеби тіл де жоқ болса, сонда ғана жергілікті сөздердің кейбірін баспа сөз арқылы әдеби тілге енгізуге болады. Мысалы, қазір баспасөзде, кейбір әдебиеттерде қолданылып жүрген пәрменді (қарқынды), бойынша аула, мелжемді (азулы, тырнақты), мүдежат, немелтай (шөберенің балалары) т.б. жергілікті халық тілден ауысып кір ген сөздер.

Қазақ говорларында кәдеге жарайтын, тіліміздің, лексикамыздың баюына қажетті, ал әдеби тілде баламасы жоқ сөздер кездеседі. Мысалы, мал егіз тапса, егіз дейміз, үшеу, төртеу тапса, оны сөзбен атайтын әдеби сөз жоқ. Ал Ақтөбе, тығы басқа обылыстарда мұныүшен (үшем),төртен дейді екен. Еркектің көйлегін де көйлек дейді де, еркектің көйлегін жейде деп екеуін екі атаумен атайды. Сол сияқты зембіл (носилка), арасан (менералды бұлақ) деген сияқты говорлық атаулар бар. Әдеби тілімізді байытатын осындай сөздерді орнықтыруға, қалыптастыруға тиістіміз.

Белгілі бір аймақта ғана айтылатын балық, бау-бақша, мақта сияқты шаруашылық салаларына байланысты қолданылатын кәсіби сөздер де тілдік қоғамымызда толықтыра алады. Мысалы, бау- бақша егісімен көбірек шұғылданатын оңтүстік аймақтарда жеміс- жидектің атаулары бар. Балық аулау кәсібімен көбірек шұғылданатын Каспий, Арал бойындағы тұрғындардың тілінде балық, құрал- сайманның түрлі атаулары кездеседі. Бұлар- бір аймақта қолданылғанмен, тілімізді байытатын және әдеби тіліміздің өсуіне, дамуына қажетті сөздер. Мұндай сөздерді шығармаларда қолдану арқылы жалпы халықтың игілігіне айналдыру керек.

Әдеби тіл мен диалектілердің қарым – қатынасы жайында сөз болғанда, негізінен, екі мәселе ескеріледі. Бірінші, әдеби тіл мен диалектілердің бір-біріне тигізетін әсері, әдеби тіл де диалектизмдерді пайдалану жайы; Бұл мәселелерге тоқтамас бұрын алдын ала бір ескерілетін нәрсе – осылардың қай-қайсысы да қазақ тіл білім інде толық бірыңғай пікірге келіп, ғылыми негізде түбегейлі шешілген мәселелер емес. Бірсыпыра уақыттан бері айтылып, әлі де пікір таласы аясынан аса алмай жүр, жергілікті жерде әр алуан кәсіптің, өндірістің туып дамуымен қалыптасады, соларға байланысты заттардың, өндіріс, еңбек құралдарының, еңбек өнімінің, процесінің атауларын білдіреді. Мұндай сөздер белгілі кәсіппен шұғылданған адамдардың арасында қолданылады да, көбінесе солардың өздеріне ғана түсінікті болады.

Жергілікті халық тілінің байлығын пайдалануда бізде осы күнге дейін әр түрлі түсініліп жүрген жайлар жоқ емес. Кейбір көркем сөз шеберлері, аудармашылар тіл байыту дегенді бір жақты түсініп, кейде жалпы халықтық баламалары бола тұрса да, жергілікті сөздер мен грамматикалық тұлғаларды жиі қолданады. Мәселен, бүкіл халық қолданып, әдеби тілде әбден қалыптасып кеткен келер жыл, лайық, туған, тірілту, көрпе, тебен, сияқты, сену т.б. сөздердің орнына жарын, лайқат, туылған, тіргізу, жуырқан, жуалдыз, сиыяқты, шану деген сөздерді қолданудың қажеті аз. Әдеби тіл қалыптасқан тілдік нормалардың тұрақтану, сөйлеу, жазу үстінде олардың қатаң сақталуын талап ететін ескерсек, сөз қолданудағы мұнай тұрақсыздыққа жол беруге болмайды.