Хабар таратудың формалары

Өзіне қажетті радиотолқынды ұстап отырған тыңдарман сан алуан хабарларды тыңдайды,музыкасына көңіл бөледі,тіпті беріліп жатқан хабарды тыңдамаған,көңіл аудармаған жағдайдың өзінде халықтың санасына сыналып енетін радиохабарларының қасиеті бар.Міне , осы қасиетінің арасында орасан зор аудитория жинауы радиохабарларының мәнінде,маңыздылығында.Тыңдарман құлағын елең еткізетіндей хабарлар жасау,көпшілік көңілінен шығу – бүгінгі радиожурналистердің ардақты да абыройлы міндеті. Жақсы хабар шығару үшін объект табудың мәні зор.

Өмірде болып жатқан сан – салалы оқиғалардың,жаңалықтардың үрдісіне ілесе отырып,оны тыңдарманға лайықты жеткізу,әрине,үлкен міндет.Сол оқиғаларды, жаңалықтарды саралай, екшей отырып, анализ жасау, өзіндік пікір қалыптастыра отырып тыңдарманға ұсыну – жақсы объект табу,яғни тыңдарман назарын өзіне аудара алатын хабардың жасалуы деген сөз.

Көзделген межеден шығып,жазылатын хабардың өз дәрежесінде болуына, объектінің жазылып алатын сөзінің сапалы шығуы үшін,радиожурналистке өре,білім,сауат,қағылездік қажет.Өзінің білімділігн танытып,сауаттылығын көрсетіп,қағылез қимылдап,жіті пайымдап,биік өреден табылып отырған журналист өзі шеберлікпен сөйлеп қана қоймай,сөйреушіні сөзге тарта алуы,шешіле сөйлеуге мәжбүр ете білуі керек.

Хабарды жазбас бұрын сол жерде дыбыстың сапалы, бірқалыпты жазылуын қамтамасыз етіп құралдың дұрыс жұмыс істеуі қадағалап алу керек.Сонымен қатар,микрафонды қалй ұстаудың да маңызы бар.Бөтен шудың балмауына,дыбыстың анық естілуінің де микрафонның дұрыс ұсталуы,ара қашықтығының да ролі зор.Микрафонды ұстау қашықтығы 30 – 50 см (сезімталдығына қарай)болуы тиіс.Одан жақынрақ болса әңгімелесуші адамның тыныс алғаны,кейбір әріптердің бөлек естілуі ( “С”әріпінің “Ш”-ға айналуы)т.б.шурал естіп қалуы мүмкін.

Таспаға жазылып әкелген хабарды эфирге шығарудың сантүрлі жолы бар.Соның бірі – сценарий . Жақсы хабар негізі жақсы сценарий екндігі радиожурналистика дәлелденіп отыр.Сценаридің тартымды шығуына тағыда журналистің фонтазиясы,ой — өрісі,сезім, пікір молдығы,білімділігі,парасаттылығы,адамгершілік пайымы әсер етеді.Қазіргі кездері Қазақ радиосы тек тікелей эфирге шығу арқылы жұмыс атқаруда. Тікелей эфирге шығу үшін де әрине,сценарий қажет.Сценарий арқылы жұмыс істеу режиссерге де, хабар редакторына да,тыңдарманға да игі әсер етеді.

Үнтаспаға алдын ала жазылып әкелінген хабарды эфир алдында өңдеу – монтаж процесі деп аталады.

Радио сөзі кескін,бейнелі,ой образын сөз өрнегімен,тіл тұшымдлығымен ашады.Міне осындай эфирге жолдама алу жолы өте күрделі радиохабарларының жасалуына ат салысатын тағы бір тұлға – диктор.Диктор дайын тексті бір леппен сырғытап,сыдыртып оқып шығумен шектелуі керек емес.Ол ең алдымен әуезді үннің,сиқырлы сезімні керек десеңіз,сондай сезімтал өнердің адамы.Радиохабарларға барлық бірдей дауыс жарай бермейді.Дауыста қандайда бір ерекше сапа болуға тиіс.Ол барынша бейнелегіш қасиетке ие болуға тиіс.

Көп жағдайда диктор қызметінің қажеті жоқ,оның орнына журналистер,комментаторлар өздері – ақ атқара алады, — деген пікірлер айтылуда.Кейбір эстетикалық,көркемдік,тәрбиелік мәндегі хабарлардыдиктордың әсем де әуезді дауыссыз тыңдарманға жеткізу мүмкін емес.

Комментатор — өз логикасы,болжамы арқылы пікір,ой айталатын,өзіндік ұсыныс пікірлерге бай,өмірде болып жатқан сан алуан құбылыстарды мезгілінде қабылдап,оларға өзіндік баға бере,жеке өзіне ғана тән ерекшеліктерімен көзге түсе алатын ұжым мүшесі.Хабар дайындауда жүргізуші –коментатор мен редактор негізгі шешуші тұлға болады.Олар жалпы хабардың саяси – идеялық мазмұны және көркемдік сапасына жауап береді.Сонымен қатар хабарды әуе толқынына әзірлеу процесінің басынан аяғына дейін басы – қасында болуға,батыл араласып,үздіксіз бақылап,әр сөз,сөйлемге мән беріп отыруға міндетті.

Аса маңызды, салауатты хабарлар мен жаңалықтарды тыңдаушыларға жеткізуде радиохабардың ролі ерекше.Қашанда жақсы істердің жаршысы бола отырып,ұрпаққа өнегелі сөз таратып,тәрбие беруден таймаған ақпарат құралы екендігі ақиқат.