Радио байланыс жүйесіндегі халықаралық ережелерімен ұйымдарының қызметтері

Бүгінгі күнде дамыған мемлекеттер қатарындағы елдерде сандық радиохабар тарату технологиясына көңіл бөлінуде.Оның кәдімгі анологтық радиохабарлардан немен ерекшеленетінін көрейік:

Ең алдымен дабас сапасындағы ерекшелік көзге түседі.,естілуі ешқандай кедергісіз әрі айқын.Сандық технологиямен жасалатын радиохабарларының тағы бір артықшылығы – қозғалмалы радиоқабылдағыштарға келетін сигналдардың сапалы болуы. Оның үстіне сандақ радиоқабылдағыштар сигналдардың ішіндегі күштісін автоматты түрде таңдай алады. СРХ-ға қоса „радиомультимедия” түріндегі радиохабарлар да жүреді. Олар тыңдарманға қосымша ақпаратты радиоқабылдағыш дисплейіне береді. СРХ копьютерлермен және ұялы телефондармен де тығыз байланысты.

Кейбір мемлекеттерде радиоқабылдағыштар мен GPS және ГЛОНАСС сияқты іздестіру жүйелері толқындардың бір диопазонда жұмыс істейді. Бұл мүмкіндіктің автомобилистерге тигізер пайдасы зор. СРХ –ын бір – біріне кедергісіз сандық қабылдағыш та, ескі анологты қабылдағыш та қабылдай алады.

СРХ-ның пайда болуы ХХ ғасырдаң 80 жылдарынан басталған. 1982 Сони мен Филипс компанияларымен бірігіп бірігіп жұмыс істеуінен пайда болған компакт – дискқа жазу технологиясы қолдау тапқаннан бастап, радиобайланыстағы сандық қабылдау мен жіберу тәсілдері дами бастады.

Ресми түрде Эврика – 147 ДАВ 1997 жылы ТФА деген Берлинде өткен көрсетілді.Қазір Эврика – 147 ДАВ ең жақсы дамыған жүйе ретінде Европада қолданылады ,әрі СРХ тарату технологисы болып табылады.Оның атап өтетін артықшылықтары :

  • сапасы компакт – диск дыбысының сапасынан қалыспайтын дыбыс,
  • сигналдардың кедергілерге қарсы тұра алуы.
  • Паралельді түрде ақпарат тарата алады.
  • Радиоқабылдағыштар қуатты азрақ қажет етеді.

1987 жылы Британияның ББС деген медиагиганты Эврика – 147,жобасын бастады.

Алайда Эврика 147 әрі жетілген, әрі ыңғайлы болғанымен оны толығымен іске қосу үшін қазіргі радиохабар таратушы жүйелердің барлығының жұмысы өзгерту керек.Бұл көптеген материалдық шығынды қажет етеді.Дегенмен де, сандық радиохабар тратудың бұл түрінің болашағы үлкен. Алдағы уақытта бүкіл радиожүйелер осы технологияға тегіс көшірілуі мүмкін,әрине, озық технология қашанда жоғары тұрады.