Шешендік өнер ғылымы, риторика

Шешендік өнер қай қоғамда болса да халыққа, қалық көпшілікке әсер ететін, оның сапасын, сезімін баурап, жігерін тасытатын қуатты құрал болып келген ол өнер күні бүгінге дейін сол күшін, қасиетін жойған жоқ. Демек, халық алдында баяндама жасап, дәріс оқитын ғылым, жазушы, жалпы әрбір білімді, мәдениетті адам үшін шешендік өнер туралы білімнің тарихымен танысу әсте артық емес.

Шешендік өнердің тууы, қалыптасуы жалпы тіл өнерінің шығуымен адам қоғамының пайда болуымен байланысты. Өйткені әрбір қоғамның өзіне лайықты қарым-қытынасы болатыны даусыз, алайда жүйелі ойлау, шебер сөйлеу сөз өнері ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан көп бұрын шығып қалыптасқан.

Шешендік өнер туралы ғылымды-халықаралық тілде риторика дейді.

Риторика ғылымының негізін салған грек, софист абдерлік Протагор (біздің дәуірімізге дейінгі 444 жылы туған) деп есептеледі.

Классикалық дәір кезіндегі Грецияда Протагордан кейінгі шешендік өнерді жалғастырушылар монтилік Георгий (483-375) халкедондық Офразимах, Пеппи болды.

Софистердің анықтамасы бойынша, шешендік өнер-риторика дегеніміз-сендерге білу яғни тыңдаушының санасына сезіміне және еркіне әсер ету, ықпал жасау деген сөз. Риторика логика, психология, әсіресе философия ғылымдарымен тығыз байланысты.

Шешендік сөздер негізінде үш түрлі болады; кеңес сөз, билік сөз, салтанатты сөз. Шешендік сөздің құрылысы үш бөлімнен тұрады:

кіріспе, баяндау және қорытынды шешендік өнердің шығуы, қалыптасуы және дамуы белгілі шешендердің есімдерімен, олардың мазмұнды маңызды сөздерімен белгіленеді.

Шешендік өнер, әдетте, халықтық-демократиялық қоғамдарда ақыл-ойға, сөзге еркіндік бар жерде дамиды.

Шешендік өнердің туып, қалыптасуы қоғамның пайда болуымен байланысты деген пікірді қазақ шешендік өнерінің даму тарихы да дәлелдейді. Тарихи аңыз-әңгімелерге, кейбір жазба деректерге қарағанда қазақтың шешендік өнері алғашқы хандықтарды құрасқан Майқы би, Аяз билермен (ХІІ-ХІІІ ғасырлар).

Асан қайғы жиренше шешендермен (ХІV-XVІІІ ғасырлар) шешендік өнер өзінің даму дәуіріне жеткен.

Қазақ шешендік өнерін шындап зерттеу әйгілі Қазан төңкерісінен кейін басталады. Рас халықтың шешендік қасиеті, кейбір шешен билері жайында саяхатшылар, шығысты зерттеушілер төңкерістен бұрын да жазған болатын. Бірақ олардың жазғандары жол-жөнекей байқағандары мен пайымдаулары еді.

Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынын доп басып айтуға киын. Себебі қазақ шешендік сөздері қағазға түспей, ауызша айтылып, халық жадында сақталып келді.

Бізге жеткен деректерге сүйене отырып қазақ шешендерінің атасы-жиренше деп айтуға болады. Аңыздарда жиренше әз Жәнібек хан мен Асан қайғының (ХІV-XV ғ) тұстасы ретінде айтылады. « Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майды би» дейтін сөз бар.

Абай сол Майқыны « Шыңғыс ханның он екі биінің бірі» деп айтады. (А. Құнанбаев, шығармалар жинағы. Алматы 1965ж 315 бет). Бұл деректерге қарасақ, шешендік сөз тарихы әрі қарай тереңдей түседі.

Майқыби, Аяз би (ХІІ-ХІІІ ғ) жиренше шешен. Асан қайғы (ХІV-XV ғ) есімімен бізге жеткен өсиет, нақыл сөздерде жоқшылықтың, шапқыншылықтың азабын кешкен қазақ халқының бейбіт өмірді, көксеген қиялшыл арманы, тілек талабы бейнеленген.

Қазақ шешендік өнерінің кеңірек дамып, биіктеген кезеңі ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар. Бұл қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына, патша өкіметінің озбырлығына қарсы тұрып өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы аламан күрес жүргізген жылдары еді. Тап осы кезеңде билермен шешендердің, ақындардың халықты жұмылдырып, рухтандыруға рөлі мен беделі арта түсті. Әлемдік тарихи сахнаға қарасақ, шынайы шешендердің көрінетін орны Сот залдары, Парламент сарайлары, көпшілік және жекелеген адамдар қатысуымен болатын дау-жанжалдар шешілер жер екені белгілі. Жоғарыда аты аталған Демосфен, Цицирон, т.б адвокат әрі Парламент мүшелері болған. Ал қазақтың аты аңызға айналған шешендері –Төле, Қазыбек, Әйтекекер би болыпты. Сөз өнерін жетік меңгерген адамдар сирек дарын ретінде жоғары бағаланып, қай заманда да, қай қоғамда да үлкен сый құрметке не болып отырған.

Шешендік сөздердің кейде билер сөзі деп айтылуының өзі де талай сырдың бетін ашады. Шындығында да, шешендік сөздер негізінен билер айтысы, билік шешім үстінде туып отырған.

Би-халықтың көкейіндегісін айтқан, көкірегіндегісін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы. Биді байлық тағ барлық та жасай алмаған. Би өз тұғырынан топты жарып, таразы басын тең ұстап, қара қылды қақ жаратын әділ төрелігімен, асқан. Кеменгерлігімен, данышпандылығымен, салиқалы сабырлығымен жеткен. Би-табиғи дарын, асылтекті ақын, алыстағыны көре білген көсем, қызыл тілінен бал тамған шешен.

Көшпелі елдің тіршілік жағдайы да шешендіктің дамуының тағы бір факторы болып саналады. Қазақтың мал шаруашылығына байланысты тұрмыс қажеттері шешендіктің қалыптасуында, дамуында үлкен роль атқарады. Мал мен дәулет, жер, барышта нәтижелері айтыс пен тартыссыз, дау-таластың айықпал көзі болған.

Қазақ даласында шешендік өнердің өсіп-өркендеуіне себеп болған фактор халықтың сөз бостандығына ерік беріп,еркіндікке жол ашқаны «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деп, сөзге тиым қоймаған.

Шоқанның пайымдауынша, шешендік сөздер әз-Жәнібек хандығының кезінде туып дамыған да, үш жуздің басын қосқан әз-Тәукенің тұсында, Хан Ордасы-Түркістан қаласында жанданған. Талай ғасырлардан бері ауыздан-ауызға көшіп, халық жадында жасап келе жатқан әдет-ғұрып, қарым-қатынас ережелерін жинақтап қалыптастыратын белгілі «Жеті жарғы» әдет- ғұрып заңы да Түркістанда жасалған.Ердің құлын ескі ауыз сөзбен бітіретін даңқты дала сөз зергерлері Төле, Қазыбек, Әйтеке шешендердің атақ-даңқтары да сол кезде шыққан.

Шешендік сөздердің дамуына үлес қосқан Бұхар,Мұрат, Дулат, Шөже, Маханбет,Шернияз, Шом, Қазтуған сынды ақын-жыраулардың шығармаларында кестелі сөз, оралымды ой мол кездеседі:

1.ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында(Майқы би, Аяз би )

2.ХІV-XVІ ғ. Аралығы(Асан қайғы,Жиренше шешен)

3.ХVІІІ ғ.(Төле, Қазыбек,Әйтеке билер)

Қазіргі шешендік сөздер мақсатына, мазмұнына, сөйлеу шарттарына қарай бес топқа бөлінеді.

1.Әлеуметтік –саяси шешендік сөздер. Бұларға осы тақырыптарға жасалатын баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференция, сьезд, сессияларда айтылатын сөздер, хабарламалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шамулар жатады.

  1. Академиялық шешендік. Бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялар, ғылыми баяндамалар, хабарламалар, шолулар құрайды.
  2. Сот ісінде қолданылатын шешендік сөздерге прокурордың айыптау сөзі, әлеуметтік айыптаушылар мен қорғаушылардың сөздері, адвокаттың сөзі; айыпкердің қорғану сөзі.

4.Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздерге мерей тойларда, салтанатты дастархан басында қабір басында көпшілік алдында айтылатын сөздер жатады.

5.Діни қызметте жұмсалатын шешендік (нағыз). Бұл топтағы шешендік сөздер қазақ топырағында енді-енді дәстүрге айналып келеді.Оған уағыз иман сөздері жатады.

Шешендік сөздер айтушы мен тыңдаушыны жалғастыратын құралдар сан алуан. Шешендік сөздер мен машендік өнер қазақтың мәдени дүниесінде дәстүрі мол, болашығы зор әлеуметтік құбылыс болып табылады.

Шешендік сөздердің кез-келгенінде жалпылама қолданылатын сөздердің үлесі мол, сондықтан олардағы стильдік нормалар да қатып қалған жүйеде көрінбейді, керісінше, олар араласып та келеді.Дегенмен, шешендік сөздердің әр түрінің негізін құрайтын тілдік сипаттар болады.

Шешендік сөздердің арасында өзара тығыз байланыстылық бар, олардың шекаралары да қозғалмалы сипатта келеді. Мысалы, академиялық шешендік пен әлеуметтік саяси шешендіктің арасында көбінде тақырыптық ортақтық жиі кездеседі. Мәселен, халықтың әлеуметтік жағдайы ресми баяндамаға да , лекцияға да өзек бола алады.

Таным мен білімнің рухани дүниені дамыту мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың, адамзатты ізгілікке, қайырымдылыққа үндеудің, тәрбиелеудің құралы ретінде қызмет ететін шешендік сөздердің шынайы үлгілері қашан да біздің тарихымыздың, қоғам мен мәдениетіміздің дамуының айнасы іспетті болып қала бермек.