Мәтінмен жұмыс істеу.

Сөздің әуенін ешқанда белгілер арқылы қолмен жазуға болмайды. Ол мүмкінде емес, өйткені айтылған сөз бен қағазға түсірілген сөздің арасында үлкен айырмашылық бар. Бұған М.Лермонтовтің М.А. Лопухинаға жазған хаттарындағы мына жолдар арқылы көз жеткізуге болады. М.Лермонтов былай дейді: “Мен сізді тағы бір көрсем деймін Сізбен сөйлессем деймін: маған сіздің әрбір сөзіңіздің дыбысы пайдалы болады . Хаттарда әр сөзге нота қою құқығын қолдансам, қазір хатты оқу портретке телміре қараумен бірдей болады Ешқандай өмір, ешқандай қимыл жоқ: өлімді кері шақырған қозғалыссыз ой айтылғандай”. Көркемсөзоқу өнерінің бұл мызғымас айқын заңы классикалық шығармаларды орындауда маңызды болып табылады. Сонда ғана шығармадағы әрбір кейіпкер ”тіріліп” оларға “жан бітіп”, тыңдаушының жанына, жүрегіне жақындай түседі, көркемдік және идеялық жағынан әсер ететін болады. Сөйтіп, ол кейіпкерлер өзіндік қасиеттермен, өзіндік сапасымен қайта жанданады. Көркемсөз оқу өнерінде классикаға деген қандайда бір әсероқырманға нақты айқындылықтыкөрсетеді. Көркемсөз оқушы шығарманы барынша анық, бағалы етіпкөрсетеді, өнердең барлық күшті әрі құнды құралдарын пйдалана отырып шолу жасайды.Автордың мәтінін қайта өңдеу оның барлық жағымды сапасын анық көрсету мақсатын көздеуі қажет. Онда автордың тілі, стилі және көп бейнелі әдебиет тәсілдері сақталуы тиіс.Ол әрине, өз кезегінде, өнерге жақын шығарма болу керек. Дауыстап айтылған сөз маңызды сапалы мәнге ие. Оның негізгі басым күші осында. Оның үстіне, орындаушының уақыты шектеулі Бір жағынан, композиция шығарманы толығымен қамтып, тыңдаушысы өзіне таныс емес, бейтаныс оқиғаны толығымен түсініп, көруі тиіс. Қорыта айтқанда, ”Өнер алды — қызыл тіл” деген дана сөздің мағынасын терең түсініп, оның қадір қасиетін сақтай білу қажет. ” Тіл өнері — дертпен тең деген ұлы сөз тегін айтылмаса керек.