Қазақстанда сөйлеу мәдениеті проблемасының әлеуметтік– қоғамдық алғышартының қалыптасуы, дамуы

Тіл мәдениетінің негізі-шешендік өнер. Әрбір тарихи дәуір шешендік өнердің өзіндік эстетикалық–моральдік сипаты, бағыты, стильдік ерекшелігі бар үлгілерін дүниеге әкелген. Шешендік өнердің өткен тарихынан біз оның ерлік дәстүрге бай мазмұнды турлерін,әдістрін көре аламыз. Атақты римдік шешен Цицерон «тіршіліктің тәлімгері тарих» деген сөзі өткен тәжірибеден әлеуметтік кұны әлі жоғалмаған сөз өнерінің қағидаларын,заңдылықтарын кездестіруге ,оларды пайдалануға болатындығын ескертеді.

Шешендік өнер ерте дүниенің өзінде ақ қалыптасқан. Ол әуелі ежелгі Египедтте, Вавилонда Индияда,Қытайда, Грецияда дамыды . Осының арасынан әсіресе ежелгі Афиндегі (Грецияда )сөз өнерінің даму жолы ерекшелігімен көзге түседі .Біздің жыл санауымыздан 6 ғасырдай бұрын өмір сүріп өткен ежелгі Афиннің мемлекеттік қайраткері әрі ақыны Солон құлдық құрылыс пен сот істерінің демократиялауның реформаларының заңын жасайды .Атақты осы Солон заңы шешендік өнерінің өркен жаюына үлкен ықпал тигізеді . Солон заңы бойынша әрбір Афин азаматы өз мақсат –мүддесін өзі қорғауға тиісті болған. Мұндай қабілеті жоқ адамдар басқалардың көиегіне зәру бола бастайды . Осыдан келіп сот алдында cөйлер сөзді дайындап беруші – логогрифтер (сөз жұптаушылар )пайда болды .

Афинде класикалық шешендік өнерін негізін салушылардың бірі ұлы саяси шешен атанған Демосфен әуелде логогриф болған .Демосфен шешендік өнерінің арқасында ірі саяси мемлекеттік қайраткерлері дәрежесіне көтерілген . Тарихи деректерге қарағанда Демосфен шешендік өнеріне қажырлы еңбекпен қайсар мінезі арқылы жеткен. Өз халқының патриоты болған ұлы шешен елін бірлікке, татулыққа үндеп ,шашыраңқылықтан іргелі ,қуатты мемлекетке дейін көтерілуіне септік жасаған.

Ғылыми тілде Риторика (ритор –грекше шешен)-сендіре білу ,яғни тыңдаушының санасына сезіміне және еркіне әсер ету ,ықпал жасау деген мағынаны білдіреді .Риторика–психология ,логика,тіл, философия ғылымдарымен тығыз байланысты болуды қамтиды . Риторика теориясының дамуымен қатар шешен сөйлеу өнеріне үйретуші кәсібінің түрі ұстаз -ритор пайда болды .

Риторика теориясын негізін қалаушыларының ұлы өкілі Аристотель ежелгі сөз өнері тәжірибесі негізінде «риторика »деген еңбек жазады. Белгілі дүниеге сендіруге мүмкін болар әрекетін туғазатын мүмкіндік деп есептейді Жүздеген жылдар бойы әр кезеңінің шешендік өнер теоретиктері осы қағиданы басшылыққа алып, уақыт талабына орай жетілдіріп отырған. Рим шешендер өнерінің ұлы өкілі әуелі адвокат кейін парламент басшысы болған Марк Тулли Цицерон еді .Ол әлем өнерінде белгілі адвокат ,саяси қоғам қайраткері , философ, дебиетші ,заңғар ойшыл шешен ретінде қалды. Өзінің ақиқаттығына сенетін жан-жақты білімді болуы керек, нағыз шешенді ол саяси қайраткер деп санаған. Цицерон шешендер алдына негізге үш міндет артады .

  1. Өзіңнің түйгеніңді жеткізе білу ,ұсынған аргументтер мен дәлелдемелердің

нақтылығына , ақиқаттырығына нақтылы сену ;

  1. Тыңдаушылар шешен сөзінен эстетикалық қанағат табатын болуы ;
  2. Тыңдаущының сана –сезіміне, еркіне қозғау салып , олардың белсенділігін қалау

және арттыру еді .

Рим құлдық қоғамының экономикалық, рухани құлдырау кезінде Римнің ұлы риторы Марк Фабит Квинтелиан өмір сүріп қызмет етті .Бұл кезеңнің негізгі ерекшелігі шешендік өнерінің жаңа ағымы іспеттес болған «театрланған стиль» дами бастады. .Цицеронның жақтаушысы ретінде Квинтелиан өмірінің соңына дейін өнер мектебін дәріптеумен, жетілдірумен өтті. Ол соңында 12 кітап жазып қалдырады. Шешендік өнерінің қорытындысы, риторика энциклопедиясы саналған «Риторика өсиеті » кітабы еді .

Көтеріліс жетекшілері, көсемдері шешендік сөз өнерін жетік меңгерген заңғар ділмалар болған. Солардың біразын атасақ: ол Франциядан Жакариндер көтерілісі көсемі Г.Каль, Англиядағы шаруалар көтерілісінің көсемі Уот Тайлер, Джон Болл, Чехта Гус, Ян Жижка еді .

Орыс шешендері О .Плевако, А .Кони, П.Александров, белгілі қазақ шешендері Қазыбек би, Төле би, Аяз би, Бұхар жырау сияқты бабаларымыздың асыл сөздері, тарихымызда қалған інжу–маржандарымыздың даналығы шешендік өнердің алтын қазығы болып саналады. Сол даналарымыздың айтқан сөздерін оқып, үйреніп, оны өзіміздің сөздік қорымызға енгізіп, музыка сабағында орынды қолданғанымыз жөн .

Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, біліндірмейді» деген болатын. Мұғалім білім нәін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкіртіне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.