Сөйлеу мәдениеті музыка мұғалімінің кәсіптік даярлығында қажетті сыңар

Музыка мұғалімін даярлау мәселелері арнайы пәндерді меңгеру үрдісінде кездесетін музыкалық орындаушылық қызметтерді үйрену барысында жасалатын арнайы дайындықтың мазмұнын талдау арқылы айқындалады. Мысалы, дауыс қою (Л. Арчажникова, Б.Бекмұхамедов, Г.Падалка және т.б.), әдістемелік дайындық (Р.Жәрдемәлиева, Л.Исаева және т.б.) және педагогикалық тәжірибе (Ж.Дебелая, З.Кейлина, К.Төребаева) т.б. арқылы. Болашақ педагог музыкант тұлғасының маңызды кәсіби қасиеттерінің педагогикалық тәжірибеде қалыптасатындығын ғалымдар, әдіскерлер, мұғалім–практиктердің зерттеулері көрсетіп отыр (О.Абдуллина, В.Сластелин). Болашақ мұғалімінің кәсіби келбетін қалыптастыру үшін оқу педагогикалық тәжірибе өте қолайлы жағдайлар туғызады.

Музыка мұғалімінің тіл мәдениетінің ерекшелігі: шығармашылдық көркемдік, эстетикалық, өнегелік мазмұнын аша білу, балалармен байланыс орната білу, олардың творчестволық талабын дамыту.

Тіл мәдениетін жүзеге асыру шартына қойылатын негізгі талаптар:

  • алдағы сөз сөйлеу тақырыбын меңгеру, оның мақсатын анық, тура түсіну .
  • орындаушылық деңгейдегі жеке қызығушылық;
  • тыңдаушыға психологиялы –жігерлі мақсатта әсер ету.
  • Орындау жоспарын дайындау, кезеңдердің реттілігі, негізгі және болмашы сұрақтарды табу, олардың байланысы.
  • тексті жазбаша көркемдеу.
  • Орындау процесінде дұрыс жүріс-тұрыс: логикалы- психологиялық, өнегелік, тілдік.

«Музыкалық білім»мамандығы бойынша жоғары білім беру мемлекеттік стандарты болашақ маман–музыка мұғалімін даярлауда елеулі маңызға ие болып отыр. Квалификациялы сипатамада музыка мұғалімінің іс-әрекетінің негізгі міндеттері ішінде тіл мәдениеті бағытындағы білім ,ептілік, дағды, яғни дұрыс таза, мағлұматқа бай және ырғақты көркем, қисынды құрастырылған сөз мұғалімнің педагогикалық шеберлігін ұштастыруда маңызды фактор болып табылады.

Болашақ маман даярлауды жетілдіру көбіне кәсіптік іс-әрекетіне тікелей қатысту сан-алуан коммуникативті тіл шартына сай жан-жақты тілдік амал тәсілдерін жеңіл игеруге байланысты. Мұғалім сөзі оқулық мазмұнын түсіндіріп қана қоймай, оқушының шығармашылықпенжұмыс істеуіне, оқып–білгенін терең түйсінуге және психиқалық-зерделік жағдайына әсер етуі тиіс. Өйткені сөз, анығырақ айтқанда, сезінуден ойлануға, жалқыдан жалпыға, пақтылықтан шынайлықтан алмасу үрдісіндегі аралық буын болып табылады. Мұғалім сөзі оқушы үшін тақырыпты ашып беруде, оның игеруде, бірден–бір әсер ететін педагогикалық күшті құрал болып саналады .Ежелгі римнің педагогикалық ойшыл ірі өкілі М.Ф. Квинтилиянның «мұғалім дауысы әрбір оқушыға күн нұрындай әсер етеді»-деуінде үлкен мән жатыр. Эмоцияға толы сөздер тыңдаушылардың көңіл –күйін көтереді, қызығушылығын тудырады, сөздің мазмұнын қабылдауға жәрдемдеседі .

Ал педагогикалық техника дегеніміз–мұғалімнің өзін-өзі ұстай білуі ,ең басты–мұғалім сөзі.Өйткені ,мұғалім сөзінің оқыту–тәрбиелеу үрдісінде атқаратын қызметі кең ауқымды және ол арнайы зерктеулерді талап етеді.