Музыканттың жеке психологиялық қасиеттері

Музыкалық шығарманы қабылдау-әр түрлі әсерленушілік, белгілі бір эмоцияның пайда болуы, теңеулер (сравнения), ассоцияциялардың (айырым психика- жүйелік процестер арасының байланыстылығы) әсерінен пайда болған күрделі психикалық процесс.

Қабылдау негізінде балалар музыка өнеріндегі әр түрлі шығармалардың түрлерін, белгілі бір жанрда, формада екендігін, музыкалық сөз элементтерін түсіне алады.

20 жылдардағы музыкалық өнерді қабылдау «музыка тыңдау» атағын алды. ҰҚабылдау процесі тек музыка тыңдаумен шектелмейді, оған талдау, түсіндіру қосылады. Қабылдау процесі дұрыс ұйымдастырылған тәсілдер арқылы балаларды музыкалық өнерге тарту қажеттілігі алғашқы бағдарламалық құжаттарда берілген. «Музыка біртұтас еңбек мектебінде» бағдарламасында балалардың музыканы қабылдауы мен сол музыка әсерінен пайда болған эмоциялық әсерленудә дамыту бірінші орынға қойылды. Мұнда балалардыңмузыка тілі туралы тиісті білімін қалыптастыру, орындаугылық шеберлік пен дағдыны музыкалық құбылыстарды терең ұғынып қабылдау арқылы дамытуға ерекше көңіл аударылады. «Мектепке дейінгі жастағы балалармен музыка сабағын өту жоспарында» музыка тыңдату музыкалық әрекеттің міндетті түрі ретінде қарастырылады, осы салада жұмыс істеу әдісі қарастырылады.

Сондай-ақ, музыкалық қабылдау процесіне мүлде өзгеше көзқарас пайда болды. Олардың балабақшада музыка сабағын ұйымдастыру мәселесі де басқаша. Мұның себебі 20жылдардағы мектепке дейінгі педагогикаға «еркін тәрбие» беру қатты әсер етті. Мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі III-бүкілроссялық сьезде жалпы мектепке дейінгі педагогиканың негізгі мақсаты тұжырымдалды, жеке тұлғаның творчестволық (шығармашылық) потенциялын дамытуға ғана көңіл бөлінеді. Баланың дамуындағы музыкаға оқытудың қаншалықты роль атқаратыны туралы айтылмайды.

Көркемдік тәрбие беру жөнінде Г.Рошальдің баяндамасында қарастырылды. Оның ойынша көркемдік тәрбие беру процесі балаларды не болса соған қабылдауға қинамау және нақты анықталған ереже салттарымен жүрмеуге, керісінше бағдарламаның творчестволық күшін өзіне ашып беруге бағытталады. Автор үшін музыканы тыңдау тек ән арқылы, яғни, бір топтың баласы, екінші топқа ән орындау түрінде өткен дұрыс, аспаптық шығармаларды өте сирек тыңдату керек.

Педагог баланың шығармашылығын музыканы қолдану арқылы еркін театрландырылған ойымен дамыту керек дейді.

Алайда педагогтың көбісі музыкалық тәжірибені меңгерудің басқа түрлерінен гөрі музыка тыңдатудың міндетті түрде қажет екендігін дәлелдеуге тырысты.

В.Н.Шацкая, музыка тыңдау процесі арқылы музыкалық есту дамиды, музыка өнеріне деген жағымды көзқарас қалыптасады, көркемдік талғамы дамиды, эстетикалық баға беру қабілеті тәрбиеленеді. Нәтижеде дамыған музыкалық қабілеттілік (зеректік) баланың жан-жақты музыкалық дамуының негізі бола алады.

Н.Брюсова, «музыкалық мектепте» статьясында музыканы қабылдау мәселесіне байланысты мына жайды атап өтеді. Музыка өнері саласында баланың талғамы мен қажеттілігіне байланысты музыка тыңдау табиғаиынан жасы өте төмен балаларға тән. «Баланың музыка тыңдауды өтежақсы көретіні анық. Балаларға түсінікті, маңызды музыканы тыңдатпауды елестету қиын».

В.Каратыгин, баланы музыкаға тартудың үш негізгі әдістерінің маңыздысы-тыңдау. Автор әдебиеттен ұқсастықты (аналогия) анықтайды; кішкентай бала үшін қабылдаудан басталады. Кейін бала грамматиканың, синтаксистің ерекшеліктерін меңгереді. Ойын анық бейнелі түрде жеткізуді үйренеді. Қабылдаудан шығармашылыққа дейінгі жролы В.Каратыгин кез-келген өнер түріне тән екендігін ерекшеатап өтеді.

Музыканы ұйымдастырылған түрде бақылау процесі барысында баланың есту дағдысының дамуының қажеттілігі туралы. В.Асафьев те жазды. Бұл баланың табиғи естуде (ырғақ, интервалика, немесе темп, колорит немесе тембр), оқушының эмоционалды мазмұнында (толықтығында), көрініс (выражение) пен бейнелеудің (изобр.) символикалық мәнінде (звукозаписи) еркін жөн табуына (ориентир) көмектеседі. Сонымен қатар музыка тыңдау орындаушылық қабілеті жоқ балалар үшін музыка өнері туралы информация алуға, музыкалық құбылыстардың мазмұнын, ондағы болып жатқан процестердің дамуын түсінуге болатын жалғыз ғана тәсіл.