Музыкант қызметіндегі таным процестері

Музыка оқыту және еңбек процесіндегі тиімді нәтижелі тәсіл. Доктор Джон Даймонд, жаңа заман электронды жабдықтарды өндіру және өңдеу заводындағы музыканы тиімді қолданылуы жайында әңгімелейді. Мұнда әсіресе концентрация (шоғырлану, топтау) және ойдың анықтығы қажет, ал ішкі радиодан жиі-жиі рок музыка беріледі. Жұмысшылардың бірі рок музыка қосылуын тоқтатуды сұрады. Ал басшылық болсы рокты сәл баяулау, сазды әуенге ауыстыру ұйғарды. Дегенмен бұл ұйғарымға да жұмысшылар қарсы болған еді. Нәтижеде барлық цехтың еңбек өнімділігі өсіп, кенеттен брак, яғни жарамсыз өнім саны азайды. Бұл әңгімеге қарсы бір хирург керісінше пайымдайды. (утвержд) 9 сағаттық ауыр операция уақытында тек металл немесе ауыр- рок қана оны сергітіп, көңілінің бөлінбеуіне көмектеседі екен (отвлек). Біздің тынымсыз ғасырда айқай-шу (шум) күнделікті өмірдің фонында үнемі болғандықтан, қоғамның назарын тыныштық пен оңашалылықтың қажеттілігіне аудару керек. Әбден ойланып, іріктелген музыканың тек сау адамға емес, әсіресе ауру адамның пайдалылығын медециналық тәжірибе үнемі растайды. Мысалы: Монреалдағы «Ройял Виктория» госпитал зерттеушілерді музыканы ауруға душар болған пациенттерді жұбатып, тыныштандырып, ауруын жеңілдету үшін қолданған. Монреал ғалымдардың зерттеулері музыканың адам бұлшық етін босаңсытып және көңіл күйін көтерумен қатар ауруды жеңілдететінін көрсетті. Сол себептен кейде ауруды сездірмейтін наркотикалық дәрілерден мүлде бас тарту мүмкіндігі туды.

Музыка жалғыздық сезімін төмендетіп, күдер үзген ауруға тән «үнсіздікті» жеңеді. Пациенттердің көпшіілігі қорқыныштан не болмаса жанға батарлық аурудан азап шегеді. Бір жас келіншек бұрынғыдан өте энергиялы, көңілді адам әр приступы алдында үрейлі қорқынышқа (панич. страх) душар болатын. Оның қалайда қайғы-қасіретін жеңілдету үшін барлығына дайын қамқор туыстары жанынан кетпеді. Бірақ олардың қасында болғаны да, азабына жаны ашығыны да аурудың бойындағы қорқынышты кетіре алмады. Ақыры, музыкамен емдейтін врачты шақыртып, ол пациенттің организмін әлсірету үшін, арнайы таңдалған музыкалық шығармалардың үзінділерінен жазылған кассетаны қосады. Нәтиже таңқаларлықтай. Пациент тез тынышталып тәтті ұйқыға батты.

Жоғарыда келтірілген мысалдарға қарап музыканың адам организміне қаншалықты әсер ететінін байқадық. Музыка арқылы жеңіл сырқаттарды, тымауды, нервтік қысымды түсіруге, көңіл күйді көтеріп, тағы да басқа көп іс-шаралардыатқаруға болады. Бұл жерде адам организмінің ырғағын тыңдап отырған әуеннің ырғағына икемдеу жаттығулары өте пайдалы. Бұл жағдайды тәжірибелі дирижердың энергиясынан, мүмкіншілігінен байқауға болады. АҚШ-та орта есеппен өмір ұзақтығы 70 жас болса, соның 80%- і дирижерлар, олар осы жасқа жетумен бірге еңбек етуін де тоқтатпайды. Біз дыбыс толқындарын есту арқылы ғана емес, бүкіл тәнімізбен, жанымызбне сезінеміз. Тіпті, саңырау адам да әр түрлі дыбыстардың деңгейін және табиғатын ұғынуды үйрене алады. Дәл осындай жағдай жарық түсу кезінде де болады. Біз оны тек көзбен ғана емес, бүкіл организмімізбен қабылдаймыз. Керең қалай дыбысты сезетін болса, соқыр сол сияқты түстерді ажырата алады. Түр- түс пен дыбыс физикалық түсінік бойынша тек әр түрлі ұзындықтағы энергетикалық толқын.

Музыка сияқты түр-түс (цвет) ақыл-ой, сана сезімге әсерін тигізе алады, қиял елесті дамытады, ынталандырады, өмірлік энергияны арттырады н/е әлсіретеді. Музыкадағыдай түр-түстің де тілі бар. Бізді қоршаған бояулардың тереңдігі, үндестілігі (тональн.) мазмұндылығы адам психикасына әсер ете алады. Түр-түс адамды қанағаттандырады н/е дүрліктіріп, қобалжытады; рухтандырып, шабыттандырады н/е қайғыға батырады. Ұлы композитордың әдемі әуені көркрменге қалай әсер етсе, ұлы суретшілердің туындыларының әдемілігі мен үндестігі сол сияқты көрерменге әсер ете алады. Түр-түс, бояудың да емдік қасиеті бар.

Музыкалық қабілеттер өз дамуында күрделі динамикалық ішкі сезімдер жүйесін құрайды.

Музыкалық қабілеттің құрылымы жалпы және негізгі болып дараланады. В.М.Теплов музыканың барлық саласына қажетті негізгі музыкалық қабілеттерге мынадай қабілеттерді жатқызады.

Ладтық сезім — мәнді, мағыналы дыбыстардың аралығындағы қатынасын бастан кешіру.

Музыканы есту, елестету – (муз. на слуховое представление) – (музыканы елестету, музыкалық бейненің қалыптасуы мен музыкалық ойлаудың даму негіздерін біріктіру үшін ертеректе естіген әуенді ойша елестету) ертеректе қабылданған әуенді ойша тыңдау қабілеті. Ол музыкалық елестеудің, музыкалық бейненің қалыптасуының және музыкалық ойлаудың даму негізін құрайды. Музыкалық ырғақтың сезім – жаңа ырғақтық үйлесімділікті (сочетание) қабылдау, бастан кешіру, түсіну, жаңадан өндіру және құру қабілеті. Жалпы музыкалық қабілеттерге жатады: есте сақтау-тыңдаушы, орындаушы, композитормен педагогиканың психологиялық әрекетіне әсер ететін, музыкалық әсермен есту тәжірибесінің жиналуына мүмкіндік туғызатын білім, дағды, шеберлікті меңгеру. Музыканттың психо-маторлы қабілеті-музыкалық шығарманы орындау кезіндегі шығарманы мазмұнын өзінің түсінігімен жеткізу мүмкіндігі. В.М.Теплов «музыкалық дарынды адамның қасиеттерінің арнайы жиынтығы мен үстемділігінің көрсеткіші, оның музыкалылығы және оның әуенге эмоционалдық қағіледілігі (елеңдеп тұру, отзывчивость) соның негізін қалайды» дейді. Музыкалық жеке адамның реактивті қасиеті болғандықтан баяу дамиды.

Музыка оқуының жықсы таңдалған репертуардың ойдағыдай, жетістікте орындау шеберлігінің нәтижесінде дамиды. Музыкалық есту (муз. слух) — адам дамуы процесінде қалыптасатын ол әлеуметтік детерминделген (детерминизм (филос.) табиғатта және қоғамда кездесетін оқиға құбылыстарды оның ішінде адамның еркі мен мінезінің өзара байланыстылығының себептерін зерттейтін ғылым; детерминация – төмендеу, бүліну; детерминированный- детерминдеу-анықтау, негіздеу) және адам даму процесінде қалыптасатын музыкалық дыбыстарды, қабылдау, музыканың мазмұнын түйсінуді және түсінуді, жаңадан өңдеп шығаруды ажырата білу қабілеті музыкалық есту –танымдық (позновательная) және творчестволық функцияларды атқаратын күрделі көп дейгейлі жүйе. Музыкалық – есту жүйесінің көпкомпаненттігі (сыңар-көп) дыбыс құрамы, музыкалық тәсілдерінің (средство худ – ой выразительности) әр алуандылығымен келіседі. Музыка саласы мақсат-міндеттеріне байланысты музыкалық естудің деңгейі мен түрлері ерекшеленеді: сенсорлы (лат. sensus — сезім) деңгейде-абсолютті және салыстырмалы есту; перцептивті (перцепция-лат.-perceptio – елестету қабылдау, адамның дүниедегі заттарды тұтастығымен қабылдау, тұңғыш рет бейнелеу процесі. Бейнелеу көбінесе тану процесінен қарастырылады. Г. Лейбниц (Готфрид Вильгельм 1.7 1646-1716 неміс философы, математик, физик, өнертапқыш) бұл терминді заттарды айқын сезіну үшін қолданды. Адам қозғалыс жасамай, алға аттамай тұрып, әуелі көзімен сол қозғалыстың үлгісін пішеді. Мұны «перцепциялық» деп атайды.

Абсолюттік естудің алатын орны ерекше, ол дыбыстың жоғарғы нүктесінде орын теуіп сезіну деңгейінде жүзеге асырылады. Өзінің психикалық табиғатында абсолютті есту, абсолютті жоғарғы дыбысты жекешеленген (ерекшеленген ) сала ретінде көрінеді және ол басқа дыбыстармен интервалдық қатынастарда тәуелсіз болады. Абсолютті естудің бұл қасиеті және оның өте сирек байқалуы маман музыканттарының арасында абсалютті естуді туа біткен қасиет деп тұжырым жасауға негіз болды.Бұл болжам абсалютті естудің ерте байқалумен дәлелденеді және оның бар, яғни абсолюттік естудің бар екендігін балалардың дыбыстар атымен таныса бастағанынан ақ білуге болады. Абсолюттік естудің туа біткендігі музыкалық тәрбиенің нәтижесіздігімен және оның музыканттық өмірінде бірқалыптылығымен дәлелденеді. Нағыз абсолюттік есту дыбыстарды басқы дыбыстармен салыстырмай шығарып, оларды анықтай білуімен көрінеді.

Нағыз абсолюттік естуден псевдо-абс. есту (жалған)дыбыстардың жоғарғы есту үлгілерін үнемі қайталаумен ұзақ мерзімдегі музыкалық еңбектің нәтижесі екендігімен өзгешеленеді. Яғни, псевдо-абс. есту дегеніміз – музыканттың өзінің осы саладағы еңбегінің нәтижесі. Псевдо-абс. естудің негізгі мінездемесі – оның тембрлік және бұрыннан жаттанды сезімдерден және дыбыстар жоғарылығын дауыспен, болмаса музыкалық аспаппен шығару тәсілінің тәуелділігінде. Музыкалық әрекеттер барысында салыстырмалы музыкалық естуге аса көңіл бөлінеді. Өйткені, оның құрамына ладтық сезім мен музыкалық-есту елестетуі. Олардың әлсіз дамуы абсолюттік естудің бар екендігімен толықтырыла алмайды.

Енді, музыкалық психологияның негізгі категориялары анықталғаннан кейін ғана оның қандай ғылым екендігін айқындай аламыз.