Музыкалық фильмдердің тамаша үлгілері

Қазақстанда киноның пайда болуы қазақ кино өнерінің тууымен тығыз байланысты. Алғаш киноға қалам тартқандар А.Қ.Жұбанов (“Аманкелді”, 1938 ж; М.Гнисенмен бірге), Л.А.Хамиди. (“Абай әні” , 1945), Е.Г.Брусиловский («Дала қызы”, 1954), А.В.Зацепин (“Біздің сүйікті дәрігер”, 1958), С.Мұхамеджанов (“Жол айырығы”, 1962), Ғ.А.Жұбанова (“Ән қанаты”, 1966), Н.Тілендиев (“Қыз Жібек”, 1972), “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” 1967, “Ақсақ құлан”(1968) сияқты мультипликациялық фильмдер сәтті қолданылды. Алғашқы үлгілері 1920-шы жылдарының соңында А.Онеггер, Ж.Орик, Д.Мийо, Б.Бриттен, П.Хиндемит т.б. жазды. Осы жылдары музыкалық филмдердің негізгі түрлері қалыптасты, киноопера, кинобалет. Олар кейін теледидардан кеңінен орын алды.

Музыкалық фильмдердің тамаша үлгілері: «Веселые ребята» (1934), «Цирк» (1936), «Волг-волг» (1938, «Кубанские казаки» (1949), музыкасын жазған И.Дубаевский. киноға арнап музыка жазған композиторлар: Т.Хренников, А.Пахмутова, А.Перров т.б. Д.Шостакович «Золтые горы» (1931), «Встрчный» (1932), «Гамлет» (1964), С.Прокофьев С.Эйзенштейннің «Александр Невский» (1936), «Иван Грозный» (1945) атты филмдеріне жазған музыкасы симфониялық деңгейге көтерілді. Қазақстанда көркем фильмдерге музыка жазған композиторлар: М.Төлебаев, Ғ.Жұбанова, А.Бычков, Н.Тлендиев, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиев т.б.

Музыкалы комедия–опереттаға, кейде комедиялық бағыттағы сахналық музыка шығармаларына (комедиялық опера, мьюзикл т.б.) қолданылатын термин. Ресейде кейбір оперетталық театрлар музыкалы комедия деп аталады. Қазақстанда 1972 жылы ашылған Қарағандының музыкалы комедия театры бар.