Қазіргі заманғы өнердің синтетикалық жанрларындағы музыка.

Бүгінгі таңда музыка өнері жан жақты даму сатысында, солардың бірі кино өнеріндегі музыка жайлы толығырақ сөз қозғайық. Кино өнері-өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер.

Музыка жанрының бір түрі- көркемсуретті филмдерге арналған музыка. Киномузыка– кино шығармасының құрамды бір бөлігі, негізгі бейнелеу құралдарының бірі. Алғашқы кезде музыка дыбыссыз киноматографиядан жалаң, қосалқы міндет атқарады. Пианист жүріп жатқан фильмді сүйемелдеумен ғана қорытындылайды. Дегенмен сол кездің өзінде әр фильм үшін жеке музыка жазуға әрекет жасалады (1908 ж. “Герцог Гизаның өлімі” атты фильмге кино Сен-Санс жазған музыка т.б.) . Дыбыс жаңғыртқыш аппараттың шығуына байланысты (1920 ж. соңы- 1930 ж. басы) әр фильм жеке панограммаға ие болады. Осы кезеңдегі киноның таңдаулы үлгілері Ч.Чаплин фильдерінен көрініс тапты. Композиторлар, әншілер, музыканттар туралы түсірілген музыкалық фильмдерді музыка өте маңызды орын алады. Бұл фильмде ол не белгілі драматургиялық қызмет атқарады (егер муз. шығарманың тууы жайлы болса), не картинаға қосымша номер ретінде енгізеді. 60-жылдары Францияда киноопераның тың жанрын жасауға әрекеттер (“Шер Бур” қолшатырлары”, 1964, реж.Д.Деми композиторлары М.Легран) жасалады. Мультипликациялық, документті және ғылыми көпшілік фильмдер міндетті түрде музыкамен сүйемеленеді. Мультипликациялық киноларды музыкамен сомдастырудың өзіндік заңдары қалыптасады. Олардың ішінде, әсіресе кең тарағаны музыка мен бейненің жарыса қолдануы (әуен экрандағы іс-әрекетті нақпа-нақ қайталдап отырады).