Ұлы лириктер. Драма-өмір болмысын кейіпкер арқылы бейнелейтін жанр

Ұлы лириктер: Сапфо (Греция), Петрарка (Италия), Хафиз (Иран), Байрон (Англия), Гете, Гейне (Германия), Пушкин, Блок (Россия) және Абай шығармалары бұған дәлел. Музыка: романтик-композиторлар (ХІХғ.), сонымен қатар П.И.Чайковский, С.В.Рахманинов шығармашылығы.

Лирикалық трагедия–ХVІІ ғасырда қалыптасқан опералық жанр. Оның авторы– Ж.Б.Люлли сюжеттері антикалық, мифтік аңыздарға негізделген. Бұл сюжеттерде композитор героика, патетекамен қатар табиғатты, лирикалық образдарды суреттеді.

Лирикалық опера–Франция ХІХ ғасырда қалыптасқан жанр. Бұл операларда қарапайым адамдардың күнделікті тұрмысы, сезімдері суреттелді. Лирикалық опера жанрында опера-комик және үлкен операның белгілдері біріккен.

Лирикалық операның музыкалық тілі демократиялық сипатта болды. Ән, романс, би, марш жанырлары кеңінен орын алды.

Лирикалық опералар: Ш.Гуно «Фауст», «Ромео иДжулетта» опералары, Ж.Бизе «Искатели жемчуга», Ж.Массненің «Вертер», «Манон» опералары.

Драма-өмір болмысын кейіпкер арқылы бейнелейтін жанр. Драмадағы кейіпкерлер тартысы диалог пен драмалық әрекет арқылы ашылады. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, пантомимомен аралас түрде дамыды. Кейін драма бұлардан бөлінді. Драманың қалыптасқан түрлері: трагедия, драма, комедия. Халықтар тарихының дамуы драманың өркендеуіне ықпал жасады. Драма көне Грецияда туып, Эсхил, Софокл, Еврипид трагедияларында жоғары көркемдік биікке көтерілді. Феодалдық қоғамда драма шіркеуге бағынды. Қайта өрлеу дәуірінде Англия, Испанияда дамудың шырқау биігіне жетті.

Музыкада драма операның алғашқы атауларының бірі. Италияда ХVІ-ХVІІ ғасырлардан ХVІІІ ғасырға дейін опера атауымен қатар қолданылды. ХІХ ғасырда композиторлар опера тек қана концерттік номерлерден тұратын шығарма емес, күрделі, драмалық сюжеті бар шығарма болуы үшін күресті. Мысалы, неміс композиторы Р.Вагнер: «Драма-мақсат, ал музыка оны көрсететін құрал болуы керек»- деп жазды өзінің еңбектерінде. Операда тек жеке номерлер ғана емес, біртұтас дамыған сюжет, музыкалық дуэттер басым болу керек делінді.

Музыкалық-сахналық жанрлар (опера, балет, оперетта) драманың заңдылықтарына бағынады. Оларда міндетті түрде экспозиция, шиеленісу, даму, кульминация және шешілу бар.