ХХ ғасыр басындағы орыстың музыка мәдениеті

20 ғасырдың қарсаңында А.К.Глазунов, С.И.Танеев, А.К.Лядов творчествосы жаңа қырымен табылды. Оларға өкшелес А.С.Аренский, Вас.С.Калиников, А.Т.Гречанинов С.М.Ляпуновтың сәтті қадамы орыс музыка өнерін байыта түсті. 20 ғасырдың бас кезіндегі революциялық қозғалыстың өрбуі Римский-Корсаков, С.В.Рахманиновпен А.Н.Скрябин туындыларынан аңғарылып жатады. 20 ғасырдың екінші он жылдығы қарсаңында бетінгі романтикалық өнердегі эмоционализм мен модернистік ағымдарға қарапайым дарқандық пен қуаттылықты, жігерлі ырғақты қарсы қойған и.Ф.Стравинский, С.С.Прокофьев шығармалары көпке танылды. 19 ғасырда О.А.Петров, Ф.И.Стравинскийлер негізін салған орыс ән айту мектебі Ф.И.Шаляпин, А.В.Нежданова, Л.В.Собинов, И.В.Ершов сындыәншілермен толысты.

Қазан революциясы жеңгеннен кейін орыс музыка өнерінің жаңа даму кезеңі басталды.

Римский-Корсаков Николай Андреевич – орыс композиторы, дирижер, педагог, музыка-қоғам қайраткері. 1859 жылдан ф,А,Каниленнің басшылығымен музыкамен шұғылданыд. 1861 жылы М.А.Балакирев, В.В.Стасов пен танысып, творчестволық “Құдіретті топқа” мүше болды. Композитордың “Псковтық әйел” алғашқы операсыны өзінен-ақ “Құдіретті топтың” эстетикалық көзқарасы айқын аңғарылды. Мұнда ол халық пен патша өкіметінің арасындағы қайшылықты ашып көрсетті “Май түні” (1878), “Қарлы ханым” (1881), “Садко” (1896) операларында Римский-Корсаковтың қиял-ғажайып оқиғалы ертегіге, орыс халқыны тұрмыс – салтын бейнелеуге, табиғатына, батырлық дәстүріне дегенқұштарлығы айқын байқалады. 80 жылдары симфониялық шығармалары жарық көрді. Олардың ішінде эпикалық-картиналы симфонизмнің озық үлгісі саналатын “Испан каприччиосы”(1887) мен арабтың “1001 түн” ертегілерінежазған сюитасы бар. Римский-Корсаковтан “Псковтың әйелден” бастап “Патша қалыңдығы”, “Сервелия”, “Ажалсыз Кащей” операларында қарапайым халықты қанап отырған патша өкіметінің зұлымдығын әшкереледі.Композитордың “Салтан патша туралы ертегісінде” музыкалық сатираның элементтері ене бастаса, ал “Алтын әтеш” операсы – самодержавиені сыаған уытты сатира. Римский-Корсаков өзінің төл шығармаларымен қатар А.С.Даргомыжескийдің “Тас мейман”, М.П.Мусоргскийдің “Борис Годунов”, “Хованщина” операларын оркестрге түсірді; А..Глазуновпен бірге А.П.Бородиннің “Княз Игорын” аяқтады; М.А.Балакирев, А.К.Лядовпен бірге М.И.Глинканың “Руслан менЛюдмила” операларының партитурасын редаксиялады. Римский-Корсаков 15 опера, 3 симфония, оркестрлік пьесалар, кантаталар, хорға арналған шығармалар және көптеген ғылыми-музыкалық еңбектер жазды. 1871-1908 жылдары Петербург консерваториясының профессоры болды. 200 – ден астам музыканттарды тәрбиелеп шығарды. Римский-Корсаков орыстың музыка мәдениетін дамытып, кәсіби музыканың қалыптасуына зор үлес қосты.

Балакирев Милий Алексейеевич – орыс композиторы, пианист, дирижер, музыка-қоғам қайраткері. “Құдіретті топтың” жетекшісі. Балакирев – тегін оқытатын музыкалық мектептің негізін салушы әрі оның меңгерушісі. Ол өмірінің ақырына дейін Глинка дәстүрінің мұрагері және жалынды жаршысы болды. Балакирев шығармалары әуендік тіл тапқырлығымен, гармониялық үн бояуының әсерлілігімен, ұлттық өзгешелігімен дараланады. Ол өз шығармаларының күш-қуатыменде, қайраткерлік ісімен де Мусоргский, Бородин, Римский-Корсаковтардың творсчестволық бағытына тікелей әсер етті. Балакирев композиторлық өнерде орыстың халық ән дәстүрінен нәр алды. Шығыс және славян музыка мәдениетіне назар аударды. Балакирев симфониялық-фортепианолық туындылардың, ән-романстар мен т.б. шығармалардың авторы. Әсіресе ол гармониялаған орыс халы әндерінің екі жинағының орыс музыкасының тарихы үшін ерекше мәні бар.

Прокофьев Сергей Сергеевич – композитор, пианист әрі дирижер. РСФСР халық әртісі, Совет музыка мәдениетінің негізін салушылардың бірі. 5 жасынан-ақ музыкамен шұғылданды. 6 жасында музыка шығарды. 1902-03 Жылдары Р.М.Глиэрден оқыды. 1909 жылы Петербург консерваториясын бітірді. А.К.Лядов, Н.А.Римский-Корсаков және Я.Витолдан (композициядан), 1914 жылы Н.Н.Черепнин (дирижерлау класы бойынша) менА.Н.Есиповадан (фортепианодан) сабақ алды. 1908 жылдан бастап С.С.Прокофьев пианист әрі дирижер ретінде Ресейде және шетелдерде өз шығармаларынан концертер берді. Ол барлық жанрда да еңбек етті. әсіресе фортепианолық музыкалары ерекше орын алды. Композитор осы жылдары екі опера (“Маддалена” 1913, “Ойыншы” 1915-16) балет, симфония, хорға аралған және камералық-вокалдық шығармалар жазды. Прокофьевтің музыкалық өнері сол кездің өзінде-ақ дүние жүзінебелгілі болды. 1918-32 жылдары Америка, Франция, Германияда болып, 1932 жылы Отанына біржола оралды. Советтік дәуірге байланысты Прокофьевтің творчестволық қызметі жаңа қарқынмен өркен жайды. Ол орыс және дүние жүзі өнерін жаңа сипаттағы музыкалық шығармалармен байытты. “Ромео мен Джульетта” балеті дүние жүзілік балет өнерінің үлкен жетістігіне айналды. Қазіргі заман тақырыбына арналған “Семен Котко” (1930), Ұлы Отан соғысы жылдары жазылған “Соғыс және бейбітшілік” опералары; “Золушка” балеті опера өнерінің зор табысы болды. “Александр Невский” кантатасында орыс халқының патриоттық күшін музыка арқылы бейнеледі. Прокофьев балалар өміріне де арнап көптеген музыкалық шығармалар жазды. Мысалы, вокалды-симфониялық “Қысқа костер” сюитасы, “Бейбітшілік күресінде” ораториясы т.б. Прокофьев 8 опера, 7 балет, 6 кантата, симфония, әртүрлі аспаптарға жазылған 14 соната, 8 концерт, камералық ансамбльдер, фортепианолық пьесалар, ән-романстар мен хорла және, театрлар мен кинофильмдерге музыка жазды. 7- симфониясы үшін Прокофьевке совет композиторларының ішінде тұңғыш рет Лениндік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. 1955-67 жылдары ның 20 томдық музыкалық шығармалар жинағы жарық көрді.

Глиэр Рейнгольд Морицевич – совет композиторы, диижер, педагог, қоғам қайраткері, өнертану ғылымының докторы. 1900 жылы Мәскеу консерваториясын бітірген. Творчестволық жолы 1908 жылы басталды. 1920-41 жылдары Мәскеу консерваториясының (композиция класы бойынша) профессор. Шәкірттері: Ан. Н.Александров, А.А.Давиденко, Л.К.Книппер, т.б. Глиэр – 5 операның авторы.

Игор Стравинский – ХХ ғасырдың музыка саласындағы аңызға айналған композитор. И.Стравинский 1882 жылы 17 маусымда Петербург маңындағы ораниенбаумеде дүниеге келген. Ол әртістер жанұясында өсті, әкесі Мариин театрының әншісі, Стасов, Мусоргский және Достевскийлермен қызметтес болған. Стравинский 1905 жылы университетті аяқтады. Оқуын бітіргеннен кейін 5 жыл Римский-Корсоковтан білім алған. Композиторың күрделі шығармаларының бірі – 1904 жылы жазылған фортепианолық соната. Оның музыкалары алғаш рет 1907 жылы 27 желтоқсанда Петербургтің музыкалық мектебінің кішкене залында өткен «Қазіргі заман музыкасы» атты кеште орындалды. Әнші Е.Ф.Петренко оның «Пастораль» және «Весну священную» аты әндерін орындады.

28 жасында 1910 жылы Парижде «Жар-птицы» шығармасының премьерасы қойылды. Осы арқылы композитор Дебюссимен танысты.

Композитор творчествосының екінші кезеңі бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін, ол Парижде өмір сүріп жүрген кезінде басталды. Ол мұнда 45 шығарма жазып, «неоклассицизмді» қалыптастырды. Оның «Пульчинеллла» атты әуенді -балетін, «Мавра» атты комедиялық опера, «Аполлон» және «Поцелуй феи» шығармаларын жазды.

Балет театрына арнап композитор небәрі 8 оркестрлік партитура жазды. Олар «Жар-птицы», “Петрушка”, «Весна священная», «Аполлон Мусагет», «Поцелуй феи», «Игра в карты», «Орфей», «Агон». Сонымен қатар үш балеттік әуенді шығарма жазды. Олар «Байка», «Пульчинелла», «Свадебька».

Стравинский творчествосыныңсоңғы он бес жылында жазған ең басты шығармалары мыналар: «Священное песнопения», «Плачь пророка Иеремии», «Заупокойные песнопения».