ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыстың музыка мәдениеті

Ресей үшін 1812 жыл Отан соғысынан кейігі кезеңде музыка саласында үлкен өзгерістер туды. Осы ғасыр ұлттық музыка мектебінің қалыптасу дәуірі болды. Бұл ғасырда тек қана хор музыкасы, сонымен бірге опера, камералы-аспапты, вокалды және симфониялық музыкалар дамыды. Бұл істе Батыс Европа мәдениетімен қатар орыс фольклоры септігін тигізді. Орыс композиторлары шетелдерге шыға бастады. Олар музыка мәдениетініңкөрнекті өкілдерімен танысып, Европаық музыкалық білім алды. Европа үшін Ресей жауапты көзқарас білдірді. Бұл ғасырда Европаның музыканттары Мәскеу, Петербург т.б. қалаларда гастрольдік сапарлармен жүрді. ХІХ ғасырда Ресейде концерттің Европалық жаңа түрлері қалыптасабастады. Бұл 1859 жылы орыс музыка қоғамының құрылуымен байланысты еді. Көптеген концерттер өткізілді. Еңүздік шығармаларға конкурстар жарияланды. Мемлекетте Европалықмузыкалық білім беру жүйесі құрылды.

ХІХ ғасыр музыка мәдениетінде фольклор саласына көп көңіл бөлінді. Орыс композиторлары халықтық музыканы негізге ала отырып, халық әндерін жинап, оларды шығараларында орындады. Бұл музыка тілінің өзіндік ерекшеліктерін өзгертпеді.ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс музыка мәдениетінде опера мен камералы вокалды музыкаға көңіл бөлінді. Ресейде Еропаның опералық, камералық ән саласында барлық негізгі жанрлар дамыды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында симфония қалыптасты. Әсіресе бағдарламалы симфониялық шығармалар және симфониялық миниатюралар пайда болды.

19 ғасырдың бас кезінде белең алған романтикалық тенденцияға байланысты опера жанрында, аңыз ертегі мен халықтық-эпикалық, қаһармандық тақырыпқа (С.И.Давыдовтың «Леста, Днепр су перісі», К.А.Кавостың «Илья батыры», «Иван Сусанині» т.б.) ден қою басым болды. Романтикалық операның Глинкаға дейінгі ірі өкілі А.Н.Верстовский баллада жанрына да елеулі еңбек етті. 30-40 жылдары М.И.Глинка творчествосы классикалық орыс музыкасының жаңа дәуіріне жол ашты. Оның творчествосы арқылы орыс музыкалық мектебі ұлттық европалық музыка мектептерінің алдыңғы санатынан орын алды. Осы тұста музыкалық бейнелей құралының кілтін адамның шынайы сөйлеу тілінен іздеген А.С.Даргомыжеский қанық бояулы, әлеуметтік шындыққа толы музыкалық образдар ( «Тас мейман» т.б.) жасады. 50-60 жылдары музыка өмірінің ауқымы кеңіп, кәсіби музыкалық білім беру қлға алынды. Бұл салада А.Г.Рубинштейннің басшылығымен ұйымдастырылған Орыс музыка қоғамы елеулі еңбек етті. Петербург (1862), Мәскеу (1866) консерваториялары шаңырақ көтерді. 1862 жылы Петербургте тегін оқытатын музыка мектебі ашылды. 60 жылдардағы революциялық-демократиялық идеялар «Құдіретті топ» композиторларының творчествосынан айқын көрініс тапты.

Глинка Михаил Иванович – орыс композиторы, орыс классикалық музыкасының негізін салушы. Помещик жанұясында туған. Глинка балалық шағын Новоспасское селосында әкесінің имениесінде өткізді. Болашақ композитор жасынан халық музыкасынан сусындайды; шаруалардың жүрек тебренткен мұңды әндері мен әкесінің туысыА.А.Глинканың басыбайлы шаруалардан құралған меншікті оркестрі орындаған музыкалық шығармалары Глинкаға зор әсер етті. Ол 10-11 жасынан фортепиано мен скрипкада ойнай бастады. 14 жастағы Глинканы әкесі Петербург Басты педогогикалық училищесінің жанындағы Благородный пансионына оқуға береді. Пансионды бітірген Глинка Кавказға сапар шегеді, жергілікті халықтардың музыкасымен танысады. 1830 жылы шетелге аттанған композитор Италияда үш жылдай болып, музыкалық білімін толықтыра түсті, Б.Беллини, Г.Донецетти сияқтыатақты комопзиторлармен кездеседі. Қайту сапарында Вена арқылы Германияда болып, Берлинде белгілі музыка теоретигі З.Деннен сабақ алады. Бірақ Глинка шетелдік сапарына сын көзбен қарап, орыстың ұлттық операсын тудыруын армандады. 1812 жылғы Отан соғысы, ілгерішіл қоғамдық қозғалыс және орыс мәдениеті Глинка творчествосынан жан-жақты көрініс тапты. Композитор шығармаларында халық музыкасының әсемдігі мен кәсіби шеберліктің аса жоғары жетістіктері ғажайып үндестікпен ұштасты. Мөлдір де өміршеңдік характер, форма сымбаттылығы, бедерлі де мәнерлі әуен сұлулығы, гармония мен аспаптау тәсілінің әдемілігі, сындарлылығы – Глинка музыкасына тән қасиеттер. Глинка творчествосы орыстың ұлттық музыка стилінің есеюіне себепші болды. «Иван Сусанин» операсында халықтық патриотизм идеясы кемеңгерлікпен шешімін тапса, «Руслан мен Людмила» операсы халықтың ұлылығына деген сенім мен өмір сұлулығын жыр етті. Классикалық орыс операсын тудырған Глинка ұлттық симфоизмге негіз болған тамаша шығармалар жазып («Камаринская» т.б.), орыс вокалдық лирикасының тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. (А.С.Пушкин сөзіне жазған «петербургпен қоштасу» атты романстар циклі). Глинканың «Испан увертюралары» дүние жүзілік симфонияда испан музыкалық фольклорын өңдеудің бастамасы болды. Композитор өзінің творчествосына украин, поляк, фин, италиян, сондай-ақ шығыс халықтарының образдары мен әуендерін шеберлікпен бейнеледі.

Даргомыжеский Александр Сергеевич 1813 жылы 14 ақпанда Тульск губерниясында дүниеге келді. Болашақ композитордың балалық шағы ата-анасымен Смоленск губерниясында өтті. Кейін жанұясымен Петербург қаласына көшіп келді. Композитордың ата-анасы музыка мен поэзияның сүйіп тыңдаушылары болған, анасының жазған өлеңдері танымал журналдарда жарық көрді. Ата-анасы 6 баласынада жанұялық тәрбие мен білім берген.

Даргомыжеский фортепианода ойнауды 6 жасынан бастаған.10-11 жасынан музыка жазды. Оның алғашқы шығармалары Петербургтің атақты музыкант-педагогы оқытушы Андриан Трофимович Данилевский есімімен байланысты.

1830 жылдардың басында Петербургтегі ең үздік көркем әдебиет үйірмесіне қатысты. Онда Пушкин, Лермонтов, Жуковсий, Гоголь,Глинкада болған. Ол мұнда фортепианода ойнап, әртүрлі ансамблдерге қатысып, өзінің романстарын орындаған.

1834 жылы Даргомыжеский Глинкамен кездесіп, өзінің бірінші операсын жазды. Осы жылдары Даргомыжеский көптеген романстардың, әндердің, фортепианолық пьесалардың, сонымен қатар «Болеро» атты симфониялық шығарманың авторы ретінде танымал бола бастады. Оның творчествосының негізі вокалдық музыка – романстар, әндер ариялар, дуэттер болған.

Оның ең алғашқы романстары Пушкиннің «Мен сізді сүйдім», «Жігіт және бойжеткен» және т.б.өлеңдеріне жазылған.

1830 жылдардың аяғында Глинка мен Даргомыжеский бірселіп опера жазуға кірісті. Көптеген ізденістерден кейін композитор В.Гюгоның “Собор Парижской богоматери” атты романының сюжетін таңдайды. Композиторға романдағы романтикалық сюжет, адамның күшті мінез-құлық көріністері, драматизмнің күштілігі ұнайды. “Эсмеральда” атты операны созылып, 1841 жылы аяқтайды. Осы кезде композитор Пушкиннің “Торжество Вакха” атты өлеңіне кантата жазады, кейіннен бұл кантата операға беріледі.

Уақыт өте келе Даргомыжеский өзіндік ерекшелігі бар композитор ретінде кеңінен таныла бастады. 1840 жылдардың басында Петербургте аспаптық және вокалдық әуенге қызығушылар орталығы пайда болды. Бұл орталықтың басшысы, оркестр мен хор жетекшісі болып Даргомыжеский тағайындалады.

1844 жылдан бастап ірі музыкалық орталықтар – Берлин, Брюссель, Вена, Париж қалаларыда болып, өз туындыларын европалық басылымдардан шығарады. Көптеген газеттерде жарық көрген композициялары көпшілікке ұнады.

Даргомыжескийдің бұл сапардағы мақсаты – Париждегі европалық мәдениеттің орталығында болып, өзінің жаңа көркемдік көзқарасын қалыптастыру болды.

Бұл жерде Даргомыжеский – “Эсмеральданың” авторы ретінде және француз әдебиетінің өкілі ретінде танылды. Париждегі Үлкен операдағы көптеген қызықты спектакльдерді тамашалады.

Осы жылдары Ресей Даргомыжескийдің вокалдық лирикаларымен таныса бастады. Композитордың ең танымал романстарының бірі ол Лермонтовтың сөзіне жазылған “И скучно, и грустно”. Бұл өлең ұлы орыс ақынының сол жылдардағы Николаевқа қарсыхалықтық наразылықты білдерген.

Даргомыжеский ұлттық орыс операсын жазуды армандайды. Сөйтіп Пушкиннің “Русалка” атты князға алданған қарапайым шаруа қызының қайғылы өмірін суреттейтін әлеуметтік драмасын таңдайды. Композитор бұл операны әдебиеттегі ұлттық поэзияның ауызша үлгілері мен салт-дәстүр, әдет ғұрыптарды пайдалана отырып жазады.

1840 жылдардың соңында Даргомыжеский шығармашылығы үлкен жетістікке қол жеткізеді. Оның ең алғашқы “Эсмеральда” атты операсы Мәсукедің опералық театрында қойылуға алынады. 1874 жылы желтоқсанда бұл операның премьерасы сәтті өтеді. Бұл жетістік композиторда қуаныш сезімдерін ұялатып, “Эсмеральда” операсын петергтік театрларда қоюға шешім қабылдайды.

Даргомыжеский “Русалканы” және музыкалық туындыларды жазуды тоқтатып, өз уақытын әншілерді дайындауға жұмсайды. Даргомыжескийде Глинка сияқты ұлттық вокалдық мектепті дамытуға ат салысады.

1853 жылы сәуірде бастап композитор “Русалкамен” жұмыс жасауды қайтадан қолға алады. Осы жылы Одоевскиймен және басқада достарының көмегімен Даргомыжескийдің шығармаларынан құрылған концерт өткізілді. Онда Петербургтің атақты әншілері мен Полина Виардо қатысады.

“Русалканың” премьерасы 1856 жылы 16 мамырда Петербург театрының сахнасында қойылды. Бұл спектакльге ең үздік әртістер қатысты. Бірақ бұл опера ешқандай жетістіктерге қол жеткізбеді. Сол кездегі аристократтық басылымдар ең негізгі деп императорлық театрларға барушыларды танып, отандық композиторладың операларына назар аударатын.Бірақ бұл операны Глинка өте жоғары бағалаған.

“Русалка”, сонымен қатар “Иван Сусанин”, “Руслан и Людмила” классикалық үлгідегі опералар болып, орыстың ұлтттық опера мектебін жоғары дәрежеге көтерген.

1850 жылдардың соңында Даргомыжеский композитор жастарды жинап, “Могучая кучка” атты болашақ шығармашылық топтың мүшелерін құрастырады. Жас композиторладың көркемдік әдіс-тәсілдерін қалыптастыруда Даргомыжеский үлкен қызмет атқарды.

Даргомыжеский өз талантын симфониялық музыка жазуға арнайды. Ол оркестр үшін “Украинский казачок” және “Бабу -ягу” атты екі шығармасын жазды.

1864 жылы сәуірде Сергій Николаевич Даргомыжеский қайтыс болды Композитор әрі ақылшысы, әрі кеңесшісі, әрі досі болван әкесінің өліміне қатты қайғырады.

Тамыз айында Петербугрке қайта келіп, Тараща айынан бастап Варшава, Лейпциг, Брюссель, Париж қалаларына сапарға шығады. Мунда ол европаның көрнекті қалалаымен танысып, үздік оркестрлердің орындауындағы шығармаларында тыңдайды. Кейбір концерттер Даргомыжеский шығармаларын орындауға арналған.

Шетеде жүрген кезінде композитордың қарындасы Софья достарымен бірлесіп император театырында “Рускалканы” қоюға келіседі.

“Русалканы” сахнада қою 1865 жылдың ең соңғы айларына жоспараланды. Осы спектакль арқылы 1867жылы А.Г.Рубинштейн Даргомыжескийді орыс музика қоғамына шақырады. Ол кейінен осы қоғамның жетекшісі болып тағайындалады. Балакиревтің шақыруымен симфониялық концерттерде дирижерлық етеді.

Композитордың шығармашылыққа қызыуы арқасында ол өзінің “Каменный гость” атты операсын жазды Бұл опера Пушкиннің “шағын трагедиясының” негізінде жазылған. Бірақ бұл операны даргомыжеский аяқтай алмай, оның жас достары Кюи мен Римський-Корсаков аяқтайды. Бұл операның прьемерасы 1872 жылы қойылады.

Даргомыжеский 1869 жылы 17 қаңтарда қайтыс болған.