ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы батыс-еуропалық музыка (2-бөлім)

Қазба жұмыстары кезіде табылған мәдени ескерткіштер мен тасқа шекілген музыка аспаптардың суреттері норвегияда музыка өнерінің ежелден болғандығын білдіреді. Ежелгі музыка аспаптары: буккехорн (ешкі мүйіз), приллар (сиыр мүйізі), триллехорн (мүйіз), селье (флейтаның бір түрі) т.б. Кезба ақын-әншілер С.Фенесбане мен Х.Рунгенің есмідері белгілі. Ертеден белгілі скрипкашылардың (К.Луросен, Н.Рекве) дәстүрін ХІХ ғасырда Т.Аддусен жалғастарды. Норвегияның халық әні және аспаптық өнері Европа фольклорындағы ерекше өрнекті музыкалық құбылыстың қатарына жатады. Ладтық ерекшелік, ритмдік әшекей-өрнек – норвегияның ұлттық әуеніндегі қайталанбас ерекшелік. Ән жанрылары: еңбек әндері, лирикалық әндер, эпиалық аңыз әндер т.б. Халық арасындағы суырып-салма әншілік мүшәйрасы кең етек алды. Норвегия халық творчествосының бір саласы билер: халлинг, спринггар, гангар т.б. кәсібимузыкасынң дамуы ХІХ ғасырдағы л-азаттық қозғалысының иднялары мен байланысты болды. Осы кезеңде ұлттық музыкалық әдебиет (В.Тране) өріс алды. Л.М.Линнеман халық әндерінің жинағын құрастырды. 1850-60 жылдары ұлттық музыкалық мектеп қалыптаса бастады; негізін салушылар — Х.Хьерульф, У.Булль, Р.Нурдрок. Норвегия музыкасының аса ірі өкілі, классигі – Э.Григ. Композиторлар. Ю.Свенсен, Г,Скьеллеруп,И.Хорклоу – норвег ұлттық музыка мектебінің көрнекті өкілдерінің қатарына жатады.

Финнің ежелгі музыкалық-поэтикалық фольклорына руналар (эпикалық, той-томалақ, әдет-ғұрып әндері) жатады. Финнің кәсіби музыкасының өзі руналармен сабақтас. Музыка әуендері негізінен пентатоникалық боып келеді. Ұлттық музыка аспаптары кантеле (қазіргі түрлеріне 36 ішекке дейін тағылады, іліп тартылатын музыкалық аспап) иоухикко (ішекті, ысқылы) туохиторви (мүйіз керней) т.б. Кәсіби музыка католик дініне байланысты (григориан әні, органда ойнау) орта ғасырда өркндей бастады. Реформация кезеңінде протестант хоралы мен халық арасында діни әндер етек алды. 1557 жылы Туркуде сарай капелласы 17 ғасырда қала музыканттарының цехы құрлыды. 18 ғасыдың ортасынан музыкадан сабақ беру Туркудегі университте жүргізіліп, музыкалық өмір, қоғам шетел шеберлерінің концерттеі жандана түсті. Алғашы фин композиторлары – Э.Тулиндберг, Б.Х.Круселл, Ф.Пациус, Р.Каянус. Фин композиторлары мектебінің негізін қалаушы Я.Сибелиус творчествосыдүние жүзілік даңққа ие болды. 19 ғасырдағы композиторлар – О.Мериканто, Э.Мелартин, С.палмгрен, А.Ярнефельт; 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезіндегі әншілер – А.Акте, А,Фострем .т.б

Жорж Бизе – француз композиторы. 10 жасында Париж консерваториясына қабыданып, оны 1857 жылы бітірп шықты. Негізінен А.Ф.Мармонтель, П.Циммерман, Ж.Ф.Галевидің шәірті болды. Ш.Гуноданда сабақ алды. 1857 жылы “Клавис пен клотильда” кататасы үшін Рим сыйлығына ие болып, үш жыл Италияда оқуға мүмкіндік алды. Бизе 20-ға жуық опера, 3 оператта жазды. “Інжу іздеушілер” (1863), “Перт аруы” (1866) атты алғашқы операларында Бизе француз лирикалық операсының дәстүрін дамытады. Осы шығармаларының өзінде-ақ ол мелодиялықтілінің байлығын, оркестровкасының әсемдігін, әншілер үшін вокалдық партияларының өте ыңғайлылығын көрсетті. “Жәмила” (1871) мен А.Доденің”Арлезиан қызы” драмасына жазған музыкасында Бизе творчествосындағы реалистік бағыт барлық қырынан көрінді. Бизе творчествосының шоқтығы – П.Мериме новелаласының негізінде жазған “Кармен” (1874) операсы. Бұл шығармада – Бизе творчествосының ғана жетістігі ғана емес, ХІХ ғасырдағы опералық реализм шындарының бірі болды. П.И.Чайковскийдіңдесөзімен айтқанда, бұл – “дүние жүзінде ең көп тараған опера”. Бизе оркестрлік шығармалар (“Васко да Гама”), симфония-кантаталар (“Рим” атты симфония, 1871), фортепианолық пьесала пен ән-романстар да жазған.