Вокал және музыкалық аспап қызметі

Ән өнері. Ән-яғни вокалдық шығарма музыка өнерінің ең көне және кең тараған жанры. Ән өнері адамзат қоғамының алғашқы кезеңдерінде бала уату, жауынгерлік ұран тастау және бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы болып, бірте-бірте дами келе мазмұны да, нышаны да, күрделеніп қазіргі кездегідей өзіндік сипатқа ие болды.

Вокалдық өнер-әншінің дауысты меңгеру шеберлігіне негізделген музыканы орыдау түрі. Вокалдық орындаудың жеке (сольное), ансамблдік және хор түрлері болады. Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыканы атаймыз. Құрылымына байланысты жеке дауыста орындалатын халық әндері және композитор шығарған әндері аспаптың сүймелінсіз немесе сүйемелмен орындалатын әндер деп бірнеше топтарға бөлінеді.

Практикада динамиканың (қатты, жәй, дыбыс күшін арттыру немесе азайту) және жылдамдату, баяулату, аялдау) негізгі элементтерін орындау шығарманың сипатына байланысты әсіресе қазақ халқының музыкалық шығармаларында өзінің реңктері жағынан толып жатқан әрі өте нәзік сипаттамаларға ие болады.

Ансамбльдің жалпы үнін реттеу жұмысы дыбыс күшейткіш аппаратураны, электракустикалық түрлендіргіштерді жақсы білу, оларды тиісінше ретке келтіре білу маңызды. Мысалы, «ва-ва» (бақа) эффекті негізгі тонның энергиясы мен оның төменгі обертендарының арасындағы арақатынастың үздіксіз, бірақ айтарлықтай жылдам өзгеруі; «ФАЗЗ» — негізгі тонға көп мөлшерде обертондарды қосу, бұл ызыңдаған, дірілдеген дыбыстар беріп, аспаптың табиғи тембрін адам танымастай өзгертіп жібереді, «МОУЛ» — соңғыдан төмен жатқан жоғары жиіліктерді алып тастайды. Мұның өзі «органның» өте жуан дыбысы шыққандай әсер тудырады; «СКРЕМИНГ БЕРД» (сөзбе-сөз аударғанда — шыңғырған) – орта жиіліктегі дыбыс шыңы, гитараға немесе басқа аспапқа жасалады; «БЛЕК- ФИНГЕР» — гитара шегін бір шертіп қалғаннан кейін дыбысты бір деңгейде ұзақ ұстай отырып, оған, тиісінше, шиқылдаған әуез немесе қоңырау дауысы сипатын беруге мүмкіндік туғызады.

Шығарманың орындалу ерекшелігін ескере отырып, вокальдық-аспаптық ансамбль жетекшісі белгілі бір көркемдік міндеттерге жету үшін техникалық құралдарды пайдалану жөнінде қандайда бір шешім қабылдайды. Ол қатысушыларды аса ірі дыбыс пландарын, дауыстар мен аспаптарды коррекциялаудың арнаулы жиілігін, «жаңғырық» эффектін жасанды жолмен ревербациялау (дыбыстың біртіндеп өшуі) және қазіргі заманғы дыбыс күшейткіш аппаратураның басқа да мүмкіндіктерін пайдаланған кезде белгілі бір көркемдік және техникалық нормаларға үйретеді.

Әншінің дауысы-табиғаттың берген сыйы. Бірақ дегенмен өнердің басқа түрі секілді дауыста жаттығулар жасап, еңбектене отрып дамып, деңгейін өсіруді талап етеді. Әншілерде бұл дауыс қою деп аталады. Қандайда болмасын аспапты игеру үшін орындаушы ұзақ уақыт гаммаларды ойнап, жаттығулар жасауы қажет. Сол секілді әншіде өзінің табиғат силаған аспабында ойнай білуі керек. (дауыс).

Дауыс өзінің тембірі мен диапазонына қарай бөлінеді. Күшті де жарқын дауыс – драмалық дауыс деп аталады. Бұдан гөрі жеңіл жұмсақ естілетін дауыс – лирикалық дауыс. Ал әндегі иірімдерді жеңіл келтіретін ойнақы дауыс – колоратуралық дауыс. Бұл дауыс көбіне сопраноларда кездеседі. Диапазонына қарай дауыс мына төмендегідей болып топтасады:

Әйелдердің жоғары (жіңішке) даусы – сопрано.

Әйелдердің төменгі (жуан) даусы – альт

Ерлердің жоғары (жіңішке) даусы – тенор

Ерлердің төменгі (жуан) даусы – бас

Балалардың жоғары (жіңішке) даусы – сопрано

(Балалардың даусы дискант деп те аталады).

Балалардың төменгі (жуан) даусы — альт