Дауысты дыбыстар

Дауысты дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырамай еркін шығуы арқылы жасалып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейді. Қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар. Олар: а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е.

Бұл дыбыстардың ішіндегі бесеуі: ә, ө, ұ, ү, і дыбыстары қазақ тілінің ерекшелігіне жатады. Олар – орыс тілінде жоқ дыбыстар.

Бұдан басқа екі қосынды дауысты (дифтонг) бар: и, у.

Орыс тілінен кірген сөздерде ғана қолданылатын бір дауысты дыбыс бар, ол – э.Кейде бұлардың бәрін қосып, қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар деп те айтылады.

Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады.

Дауысты дыбысқа екпін түседі.

  1. Дауысты дыбыстар тілдің қызметіне қарай жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.

Жуан дауысты дыбыстар тілдің ортасы көтеріліп, артқа жылжуы арқылы жасалады. Олар: а, о, ұ, ы.

Жіңішке дауысты дыбыстар тілдің ұшы ілгері жылжып, алға созылуы арқылы жасалады. Олар: ә, ө, ү, і, э, и.

Жуан сөзде жуан айтылып, жіңішке сөзде жіңішке айтылатын дыбыс – у.

(қуаң, куә).

  1. Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай ашық және қысаң болып екіге бөлінеді:

Ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады.

Оларға: а, ә, о, ө, е, э.

Қысаң дауыстылар жақтың сәл ашылуы арқылы жасалады.

Олар: ұ, ү, у, ы, і, и.

  1. Дауысты дыбыстар еріннің қызметіне қарай еріндік және езулік болып екіге бөлінеді.

Еріндік даыстылар еріннің дөңгеленіп ілгері созылуы арқылы жасалады. Олар: о, ө, ұ, ү, у.

Езулік дауыстылар езудің кері тартылуы арқылы жасалады.

Олар: а, ә, е, э, ы, і.