Бауырым менің! Аға-ініні туылған күнімен құттықтау

Әжесінің бұзығы да, қызығы да бір өзің едің, бүгін бір басың екеу болып баршамызды қуанышқа бөлеп тұрсың. Бала күніңнен бауырымда өстің, сенің әрбір қадамың мен белестеріңнің куәсі өзім болдым. Әрбір жетістіктеріңнің ішінде болдым. Сенің осындай азамат болып өскеніңе үлесім тигеніне қуанамын. Еңбегім мен үмітімізді ақтап жақсы азамат болдың, бүгін өзіңе Алланың бұйырған жарымен болашаққа қадам басқалы тұрсың. Осындай қызықты көрсеткеніңе рахмет.
Келінім ————- ге айтарым , сен үлкен бір әулетке келіп отырсың! Біздің әулет келіндерің қыздан кем көрмеген. Қадамың құтты болып, бауырымның бақыты болғайсың. Жанұяның абыройы мен айбары – қасыңдағы азаматың болса, жылулығы мен жанашыры – өзіңсің. Шаңырағыңды шаттыққа толтыратын да, шатаққа толтыратын өзің. Келешегіңнің келісті болуы саған байланысты. Әулетіміздің сүйікті де сыйлы келіні бол. Сен бауырымызды бағаласаң, біз сені алақанымызда ұстайтын боламыз.
Екеуіңе тілейтінім:
Болашағы бақытты да, шаттықты болсын.
Өмірлерің ұзақ та , қуанышты болсын.
Тұрмысы тату-тәтті, табысты болсын.
Еңбектері елеулі, жемісті болсын.
Ұрпақтары саналы, келісті болсын.
Махаббаттары баянды болсын.
Сезімдерің сөнбесін, бір-біріңе сенімді адал болыңдар!
Алтын тойға бірге жетіңдер!
Ел сүйсіне қарайтын өскен- өнген үлгілі отбасы болыңдар!
Тойларың тойға ұлассын!
Барлығымыздың бір Алладан тілейтініміз осы!