Құрметті ұстаздарды, мұғалімдерді құттықтау! Құтты болсын!

Құрметті ұстаздар!
Тамаша мереке — Мұғалімдер күні қарсаңында өзіміздің сүйікті ұстаздарымызды осы бір айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын.

Біз білім ордасы — мектеп табалдырығын аттап, онда қазықты да терең білім алып, тылсым дүниені таныдық. Ұстаздаорымыз бізді білім тұңғиығынан нәр алдырып, қажырлылыққа, ізгілік пен адамгершіліккке баулыды, табандылықпен еңбек етіп, алдымызға биік мақсаттар қоюды үйретті.
«Ұстаз, сенің алдыңда бас июге рұқсат ет!» — деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір жанкешті абзал жандарға деген ұланғайыр алғыс көрініс тапқан.
Құрметті Ұстаздар, бүгін сіздердің мерекелеріңіз! Мына гүл шоқтары сіздерге!
Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілеймін. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!