8 наурыз әйелдер күнімен құттықтау, тілек!

Қымбатты әйелдер!

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар.

Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі.

Әйел өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.

Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», дейді. Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін әйел қауымына алғыс айтамын.

Көктемде арулар қоса құлпырады. Бізге оны көрсін деп көз, сүйсін деп жүрек беріпті. Құдай шебер осынша көл-көсір сұлулықты көз алдымызға үйіп-төккен. Осының бәрі Алла нұрының Жер бетіне түскен тек жүзден бір ғана Нығметі дейді. Бір-ақ пайыз! Соның өзі-ақ Жер бетіндегі тіршілік отын жағуға жетіп жатыр. Сол бір пайыз нұр арқасында Жер бетінде өмір шеруі тоқтаусыз, толассыз салдыртып келеді. Сол шеру сәнді-салтанатты болсын деп, Алла тағала Хауа анамызды жаратқанда оның дидарына нәзік нұр сүйкепті. Содан Хауа ана сұлулығына Адам атамыздан бастап адам назары сұқтанумен келеді.

Көктемдегі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен әр шаңырақты шаттыққа бөлейтін аналар мен қыз-келіншектердің қуанышына ортақпыз.

«Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке-бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз бен қыз-келіншектерімізді шын жүректен құттықтаймыз.