Алпыс жас туған күнімен құттықтау — тілек!

Адам баласының ұзақ өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе-дағы кемел жасы 60-тың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілер бұл шақтың тал түс аталуы бекер емес-ау.

Міне, сен де ізімізден қуып, аман-есен алтыншы асқардың шыңына қол созып отырсың. Шүкір, біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, өткен өмір бедерлері көңіл орнықтырып, көз тойдырады.

Қуаныштысы, мерейтойыңды отбасыңның алтын қазығы болған жан-жарыңмен бірге бала-шағаңның шаттыққа толы ортасында қарсы алып отырсың. Өсіп-өнген, ұрпақ тәрбиелеген, құда-құдағиларың мен дос-жарандарыңның ыстық ықыласына бөленген өзіңе тек жақсылықтар, қуаныштар мен бақытты ғұмыр тілейміз.

Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
Алпыстың да асқарына жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.

Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!