Отағасы, балаларының әкесін туған күнімен құттықтау — тілек!

Құрметті отағасы! Ердің жасы50 жасқа келген мерейлі сәтің құтты болсын!

Өмір көшін біз бірге бастап едік, қалыпсың сен де 50 жасқа келіп, — ұл-қыз тәрбиелеп, жарыңды аялап, ата-анаңды қастерлеп, әкелік, жұбайлық, перзенттік парызыңды адал атқарып келесің. Әрдайым шаңырағымыздың тірегі, қамқоршысы, отбасымыздың берік діңгегі болдың. Талай асуларды табандылықпен жеңіп, нелер қиындықтарды қажырмен жеңдік. «Елу – тал түс» демей ме? Ендеше алдағы өмірде де туғанға сыйлы, кейінге үлгі бола бер. Күн жағымыздан көлеңке, жел жағымызға пана болып жүре бер! Денсаулығың күйлі-қуатты, ғұмырың ұзағынан, көрер қуанышың молынан болсын деймін.