Бастықты туған күнімен құттықтау — тілек!

Сіз көп жылдан бері ………………… саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі азаматсыз!

Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында Сіз бүгінде кең байтақ еліміздің бас қаласы – Астананың ірі кәсіпорындарының бірін шебер басқарып келесіз. Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз.

Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!