Ұл балаға туған күн құттықтау-тілек!

Бала – адамның бауыр еті. Бірін бірі жақсы көретін екі адамның жаны мен тәнінен жаралған бала ерекше ыстық. Отбасы мүшелерінің тату-тәтті өмір сүріп, бір-біріне мейіріммен қарауына негіз жасайтын алғы шарттардың бірі – олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі болса, екінші шарт – перзент. Сондықтан атамыз қазақ «балалы үй – базар» деп орынды айтқан. Адамның бір қызығы – баланы мейірлене иіскеу үлкен бақыт болса, сол бақытқа міне, бүгін сендер де жетіп отырсыңдар.
Сол себепті мен сендерге тойларың тойға ұлассын, өмірдегі көретін қызықтарың көбейе берсін демекпін.
Менің осы айтқаным той – тілегім үшін дастархандағы дәмнен алып отырыңдар!
Ұл балаға туған күн құттықтау-тілек!
Көк аспандағы жұлдыздарға жаңа бір жұлдыз, жердегі адамзат қатарына тағы бір адам қосылды. Өмірге шекесі торсықтай сәби келді!
Бейбіт елдің ақ көгершіні болып дүние есігін ашқан сәбиіміздің бауы берік болсын!
Маңдайы жарқыраған ұл болып ер жетіп, ата-анасының ғана емес, бүкіл елінің мақтаныш етер Азаматына айналсын!
Қуаныш құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін!
Әрбір басқан қадамы оңғарылып, Қыдыр ата қолдап жүрсін.