Құрбан айт 21 тамызда басталады

Биыл мұсылман күнтізбесі бойынша Арапа күні 20 тамызға, Құрбан айттың алғашқы күні 21 тамызға сәйкес келеді.

Арапа — қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн. Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту — жағымды амал.

Кез келген жағдайы бар мұсылманға құрбандық шалу — мұсылмандық міндет. Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой шалынады. Бір қошқар немесе қой бір кісі атынан шалынады. Ал қара мал немесе түйені жеті кісі бірігіп, құрбандыққа шалуға болады.

Құрбандық малын айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалуға болады. Құрбандық етін үшке бөліп тарату керек. Бір бөлігі өзіне, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

ДереккөзInform.kz